17:52
Құндылық қадамы

ЖАУАПКЕРШІЛІК

#4

Атауы: Көпбасты жұлдызқұрт

Уақыты: 30 минут

Түрі: ойын

Қажетті материалдар: скотч, қайшы, старт пен мәре белгіленген жер дайындап қою.

Орындалуы: Барлық оқушылар сапқа тұрады. Жүргізуші саптың оң жағынан бастап бірінші баланың сол аяғын екінші баланың оң аяғына скотчпен байлайды, сосын екінші баланың сол аяғын үшінші баланың оң аяғына байлайды. Дәл осылай барлық балалардың аяқтарын бір-біріне байлап бітіреді. Соңғы тұрған баланың сол аяғы байланбайды. Ойынның шарты бойынша белгіленген старттан финишке дейін ешбір дауыс шығармай жету керек. Жүргізуші әрбір финишке жеткен оқушының тұсауын кесіп отырады (аяқтарынан скотчты қиып тастайды). Соңғы ойыншының тұсауын кескенше ешкімге дауыс шығаруға болмайды. Егер біреу шартты бұзса, ойынды қайта бастау керек.

Қорытынды: Оқушылар жауапты түрде ойынның шартын бұзбауға тырысады. Өйткені бір ойыншы шартты бұзса, барлық ойыншы ойынды қайтадан бастауға мәжбүр болады. Оқушылар жауапкершілікке үйренеді.

 

 #5

Атауы: Тәтті жауапкершілік

Уақыты: 10-15 минут

Түрі: ойын

Қажетті материалдар: алмалар мен оралған кәмпиттер

Орындалуы: Оқушыларға қолыңыздағы бар заттарды көрсетіңіз. Олардан екеуінің қайсысын алғысы келетінін сұраңыз және таңдаған біреуін қабылдауға рұқсат етіңіз. Алдымен кәмпитті таңдаған адамдарға мынаны айтыңыз: «Сіз тез қуат беретін тағамды таңдадыңыз. Бұл өте дәмді. Алайда ол ұзаққа созылмайды және көбіне бос калориялы. Сіз оны жегеннен бірнеше минут өткен соң, тағы да аш боласыз». Алманы таңдағандарға: «Алма сізге қуат береді және ол тәтті болады. Алма нәрлі және сізді қосымша дәрумендермен қамтамасыз етеді. Өзіңізді қанағаттанарлық сезінесіз және берген энергиясынан пайда көресіз. Алма алу туралы шешім өте ақылды болды». Енді балалардан алма мен кәмпиті міндеттерімізге және біздің күн сайын кездесетін таңдауымызға қалай теңестіруге болатынын сұраңыз. Көп таңдау бізге бірден ләззат әкеледі, бірақ ұзақ құндылығы жоқ (кәмпит сияқты) немесе ақылды және жауапты таңдау бізге бақыт пен қанағаттанудың ұзақ түрін әкеледі (алма сияқты).

  1. Өзіңіздің үй тапсырмаңыз бойынша жұмыс істеп жатырсыз, досыңыз қоңырау шалып, кино көруге шақырады. Қандай таңдау бірден ләззат береді және қай таңдау сізге ұзақ мерзімді қанағат береді? Қандай жауапты таңдайсыз?
  2. Сіз жаңа скейтборд сатып алу үшін ақшаңызды үнемдедіңіз, бірақ аркада ойындарының жанынан өтіп бара жатып, бірнеше аркада ойынын ойнауға ақша жұмсау туралы ойлайсыз.
  3. Ғылыми жобаңызды мерзімінен бұрын аяқтауға немесе достарыңызбен баскетбол ойнауға мүмкіндігіңіз бар.

Қорытынды: Оқушылар өздерінде де белгілі бір жауапкершіліктің бар екенін түсінеді. Оның маңыздылығын ұғады, ізденеді. Жұмысын көпшіліктің алдында қорғайтындықтан, жауапкершілікпен ат салысады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: