21:38
Құндылық қадамы

ЖАУАПКЕРШІЛІК

#1

Атауы: Алма кетті домалап...

Уақыты: 10-15 минут

Түрі: ойын

Қажетті материалдар: кішкентай алма (немесе үстел теннисінің шары), әр ойыншыға бір парақ қағаз (қолданған жазуы бар болса да жарайды).

Орындалуы: Оқушылар екі командаға бөлінеді. Әр командаға бір шар беріледі. Ойынның шарты: ойыншылар қолдарындағы қағаздан құбыр құрап оны ұстап тұруы керек. Жүргізуші құбырдың басынан алманы жібереді де:

«Алма кетті домалап,

Көше бойын жағалап,

Кім алманы түсіреді,

Сол ойыннан жеңіледі», - деп айтады. Қай команданың құбыры ашылып, алмасы жерге түссе сол команда жеңіледі.

Қорытынды: Әр ойыншы құбырды бар жауапкершілікпен ұстап тұруға тырысады. Командалық ойында әр ойыншының орны өте маңызды екенін түсінгенде, оқушылар жауапкершілік сезінеді.

 

 #2

Атауы: Гүл отырғызу

Уақыты: 1 апта

Түрі: тәжірибе

Қажетті материалдар: гүлдің өскіні, гүл құмырасы, су, грунт, тыңайтқыштар.

Орындалуы: Гүлдің өскінін тамыры шыққан соң топыраққа отырғызады.

Қорытынды: Өсімдікті өз жауапкершілігіне алу. Тәжірибе арқылы гүлдің қалай өсіп шығатынын, оны қалай баптап, күту қажеттігін көрсету.

 

#3

Атауы: Жауапкершілік кітапшасы

Уақыты: 20 минут

Түрі: жоспар жасау

Орындалуы: Оқушылардың қолына А4 парақшыларын тарату. Балалар қандай істерде өздерін жауапты санайтындарын ойланып, сол іс-әрекеттердің суретін салып, «мен осы жұмысты істеуге жауаптымын» деп жазады. Оқушылар бітірген сәтте, жасаған жұмыстарына бір көз жүгіртіп, барлығын біріктіріп, шеттерін степлермен қыстырады. Жұмыстарын бітіргеннен кейін сынып алдында оқуын сұраңыз.

Қорытынды: Оқушылар өздерінде белгілі  бір жауапкершіліктің барын ұғынады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: