18:26
Құндылық қадамы

ЖАУАПКЕРШІЛІК

Істегісі келетін адам – мүмкіндік, ал істегісі келмейтін сылтау іздейді

Жауапкершілігі төмен балалар көбінесе қиындыққа шағымдана береді. Бейқарекеттің себебін іздеп ақталады. Айналасындағыларды немесе жағдайды кінәлайды, жауапкершіліктен қашқақтайды.

 

Жаупкершілігі төмен балалармен қалай жұмыс жасауға болады?

Оқушының жауапкершілігі төмен болса, оларды жігерлендіру жұмысына көңіл бөлу керек. Яғни, талап етуден бұрын жауапкершілігін арттыруға себепші ынтасын қайраған дұрыс. Сыныптағы мотивацияны ұстап тұру үшін әртүрлі әдістерді қолданған жөн.

- Оқушыға мақсат қоюға көмектесу, кейін оларға мақсатқа қол жеткізетін уақытты белгілеу. Мақсаттар – балалардың ішкі ерік-жігерін арттыруға көмектесетін бірегей тәсіл. Мақсатқа жетуі, ісінің сәтті болуы, көбіне оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей байланысты.

- Балаға ынта-жігер берудің ең жақсы тәсілі – оларға таңдау беру, яғни бірнеше жауапты істерді беріп, таңдау жасату.

- Оқушымен әртүрлі тақырыпта әңгіме-дүкен құру. Бала өзінің ішкі ойын дауыстап естігенде ынта-ықыласының артуына себепші болады.

- Жауапкершілікті сезінетіндей үйреншікті ортасынан басқа ортаға апару. Табиғат аясына, мәдени орталарға, басқа мектеп не сыныппен танымдық саяхат жүргізу т.б.

- Достық жарыстар ұйымдастыруға болады. Ол баланың белсенділігі мен жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.

- Үйретіп жатқан ілімді өмірмен байланыстыру.

- Проблемалық сұрақтар беріп, ой туғызу.

Жауапкершілігі төмен оқушылардың жетістікке қол жеткізуі – үлкен мотиватор.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: