18:33 Құндылық қадамы | |
ӘДІЛДІК Қысқа мерзімді іс-шара #2 Атауы: Заң шығару Уақыты: 20-30 минут Түрі: ойын Орындалуы: Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа жеке-жеке ережені қажет ететін әрекеттерді береміз. Мысалы: қалада скутер айдаудың талаптары және ережесі немесе қалада тал отырғызудың талаптары және ережесі т.с.с. Оқушылар ережелерді жазғанда барлық аспектілерді қамтуы тиіс. Топтар жазып болғаннан кейін ортаға шығып өз заңдарын ұсынады. Қалған оқушылар осы заңды қабылдауға дауыс береді. Кейбір қамтылмаған жағдай болса, бірге қосылады. Қорытынды: Оқушылар жан-жақты және әділ ойлауды үйренеді.
#3 Атауы: Жақсы мен жаман Уақыты: 30 минут Түрі: пікірсайыс Орындалуы: Оқушыларды бір-біріне қарап тұрған екі сызыққа (а және b) бөлу қажет. Даулы бір мәселені сұрақ ретінде беріңіз. Мысалы: балмұздақтың пайдасы және зияны қандай? А тобы сол сұрақты жақтайды, (ол мәселеге көзқарасы теріс болса да), ал қарсы топ даттайды. Ойлануға уақыт беріледі. Уақыт біткен соң кезекпен өздерінің аргументтерін айтады. Бөлім біткен соң топтар бір-біріне өз дайындықтары туралы айтады, әсіресе қай аргументтің өздеріне ұнағанын түсіндіреді. Соңында топтар бірігіп, сол мәселе жайлы жалпы ой қорытады. Қорытынды: Кез келген зат немесе жағдай болсын жан-жақты саралап, пайдасы мен зиянын анықтай білуге үйрету.
#4 Атауы: Теңдік пен теңсіздік Уақыты: 30 минут Түрі: қолөнер Орындалуы: Бұл іс-әрекет білім беру теңсіздігінің әсерін көрсетеді. Сыныптың жартысына жақсы құрылыс қағазын және жақсы жұмыс істейтін қайшыларды, ал екінші жартысына дәптер қағазы мен ескі қайшы беріңіз. Оқушылардан қағаз қуыршақтарын құруды сұраңыз. Содан кейін ресурстарды ауыстырып, көркем туындыны көрсетіңіз. Оқушылар төмен және жоғары сапалы ресурстардың жетістіктерге қалай әсер ететінін көреді. Қорытынды: Дұрыс шешім қабылдау үшін жан-жақты саралаудың маңызын түсінеді. Асығыс пікір айтудың кемшіл тұстарын көреді. Сөзі мен ісінде әділ болуға ұмтылады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
