ӘДІЛДІК
Қысқа мерзімді іс-шара
#1
Атауы: Қасиеттерді анықта
Уақыты: 20 минут
Түрі: пікір жазу
Орындалуы: Оқушылар төменде берілген әрекеттердің жағымды-жағымсыз екенін анықтап, оларға бірнеше атау береді. Мінез-құлық туралы тың ақпарат ала алады.
Қорытынды: Қасиеттерді анықтау арқылы әділ шешім шығаруға дағдыланады.
|
Әрекет
|
Жағымды / Жағымсыз қасиет
|
Әрекетке көрінген қасиетке атау беріңіз
|
|
Аңсат қатты дауыспен сөйлеп отыр. Одан тынышталуын сұрағанда, Аңсат өтініш білдірген адамдарды елеусіз қалдырып, одан да күшейіп кетуді шешеді.
|
Жағымсыз
|
Дөрекі / мазасыз / өзімшіл ...
|
|
Сәуле көшеде бейтаныс біреудің сөмкесінен ақша ұрланып жатқанын байқап қалды да, дереу иесіне білдіріп, ақшаның ұрланбауына себепші болады.
|
|
|
|
Айбек жақын досының көңілсіз отырғанын байқайды. Жанына келіп жағдайын сұрайды. Досы жөнді жауап бергісі келмесе де, жанынан кетпей, бірге ойын ойнауға шақырады.
|
|
|
|
Қанат мектепішілік жарыстан жүлделі орын алғаны үшін сыйлыққа бір үлкен қорап тәтті алады. Остары бөлісуін сұраған-ды, бергісі келмей үйіне кетіп қалады.
|
|
|
|
Аян топта өзіне ұнамайтын бір баланың көңілсіз отырғанын байқап, топтың көзінше «Ақтөре кішкентай бала сияқты жылап отыр» деп айқайлайды.
|
|
|
баспаға әзірлеп, жиған-терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>
Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|