09:47
Құндылық қадамы

ӘДІЛДІК

Үш елек

Бір адам Сократқа келіп:

- Сенің досың сен туралы не айтқанын білесің бе? – деді.

- Тоқтай тұр, - деді Сократ, - ең алдымен, айтайын деп жатқан сөзіңді үш електен өткізіп алайық.

- Үш елек?

- Иә, бір нәрсе айтатын болсаң, оны үш електен өткізіп барып айту керек. Алдымен, «Шындық» атты електен өткіземіз. Осы айтайын деп жатқан нәрсең шын екеніне сенімдісің бе?

- Жоқ, сенімді емеспін, мен тек естігенімді айтайын деп тұрмын.

- Сен мұның рас не өтірік екенін білмейді екенсің. Ендеше, екінші «Жақсылық» атты електен өткіземіз. Сен менің досым туралы жақсы нәрсе айтайын деп жатсың ба?

- Жоқ, керісінше, жаман нәрсе.

- Демек, жаман нәрсе айтқың келіп тұр, бірақ оның рас не өтірік екенін білмейсің. Ендеше, үшінші електі көрейік. Бұл «Пайда» елегі. Айтайын деп жатқан нәрсеңнің маған пайдасы бар ма?

- Пайдасы жоқ, мен тек естігенімді айтайын деп жатырмын.

- Ендеше, біріншіден, оның өтірік не рас екенін білмесең, екіншіден, ол жақсы нәрсе туралы болмаса, үшіншіден, мен үшін оның пайдасы жоқ болса, оны маған неге айтайын деп жатсың?! – деген екен ғұлама Сократ.

- Сократтың іс-әрекетіне қарап, қандай адам деп айтуға болады?

- Сократтың бойындағы қандай жақсы қасиетті өз бойымызға алар едік?

- Ар-ұждан дегенді қалай түсінуге болады?

Түйін. Әділдікке, шындыққа көз жеткізбей тұрып жалған айту жақсылық әкелмейді және пайдасы болмайды.

 

Адамзат көзі байланған, қолында таразы мен қылышы бар. фемиданы әділдіктің символы секілді қабылдайды. Ежелгі грек мифологиясында – көзін таңғышпен таңып (алаламаушылық белгісі), бір қолына таразы, екінші қолына семсер ұстап суреттелген әйелді – әділ соттың анасы деп білген. Қазақ халқы «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп әділ төреліктің қағидасын көрсеткендей, Фемиданың көзіндегі «таңғыш» - кім келсе де әділдік қыл, «қолындағы таразы» - барлығын жақсылап өлшеп, біл, «қылыш» - керек болса жазала дегенді білдірген екен. Қазақ халқының даналығы мен ежелгі гректердің мифологиясында осындай ұқсастықтар кездеседі.  

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: