23:38
Құндылық қадамы

ӘДІЛДІК

Әділдік деп нені айтамыз?

Әділдік – адалдық, дұрыстық деген мағыналарды білдіріп, тек шындықты, туралықты қолдайтын ұғым. Әділ болу – ешкімнің сөзіне еліктемей, шындыққа сүйене отырып, ешқандай жағдайға қарамастан, дұрыс, әділ көзқараста болу.

Әділдік – туралық, дұрыстық, түзулік дегенді білдіреді де одан таю, яғни әділдікке жатпайтын іс істеп, қиянат жасау біреудің обалына қалу жазықсыз жапа шектіру болып шығады. Сондықтан әділдік адамның ең асыл қасиеті, адамгершіліктің әдеп инабатының негізі шығады. Сондықтан әділдік адамның ең асыл қасиеті, адамгершіліктің әдеп инабатының негізі деп саналады. Психолог Сая Бақимова психологиядағы әділеттілік ұғымын былай түсіндіреді: «Әділеттік – әр адамның құқығы мен абыройын сыйлау, құрметтеу, бағалау. Яғни тұлға ретінде құрметтелмесе, өзінің алуға тиістімін дегенін алмаса әділетсіздік сезінеді. Бала ата-анасының қадағалануында болудан, үнемі ескерту айтқанынан, қатаң, шыдамсыз болғанынан, ал өзінің керісінше тым көнбіс болғанынан зардап шегеді. Әділетсіздікке баланың бірінші реакциясы – өз қауіпсіздігі үшін мазасын алатын эмоцияларды жауып, өзінен алыстату. Бұдан былай қарай психикасы иілгіш емес, суық адамның бетпердесін киюге тырысады.» Маманның айтуынша, бала әділетсіздікке ұшыраған сайын қоршаған ортаға жағымсыз сезімдерін шығара бастайды. Бала үшін әділ болудың үлгісі мектеп, отбасы, қоршаған орта болу керек.

Әділдік – адамның дініне, ұлтына, реңіне, түріне, байлығына, мансабына, туыстығына қарамай теңдік көзқараста болу деген мағынаны береді. Әділдік жасау адами құндылықтың жоғарысында болу деген сөз. Адам болсын, қоғам болсын әділдік болмаса, өмірдің биік шыңына шыға алмайды.

Әділдіктің қарама-қайшы ұғымы – зұлымдық. Талап етілген жерде әділдік болмаса, ол жерде міндетті түрде зұлымдық жүреді. Сондықтан да әділдіктің пайдасы туралы айтылғанда, зұлымдықтың зардабы туралы да айтылу керек. Әділдік ол ұлы қасиет. Оның ұлылығы туралыққа, шыншылдыққа, дұрыс жолды таңдауға жол сілтейді.

Адамдардың ақысын бергенде, еңбегін бағалағанда, дауды шешкенде, достық қарым-қатынаста, бала тәрбиесінде әділ бола білу керек.

Әділдікті мойындау – адал кіінің ісі.

Бауыржан Момышұлы

Адам сөйлеген сөзі мен ісіне де әділ болу керек. Сонда ғана кішіге үлгі бола алады. Сөзің өтірікке, ісің зұлымдыққа толы болса, онда адамдықтан кеткенің деген сөз.

Адал, әділ болу кез келген адамның қолында. Адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы.

Қазақтың адалдық жайнда өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Әділ болу деген – өзінің де, өзгенің де сөзін қорғай білу әрекеті. Әділетті болу деген – ешкімнің сөзіне еліктемей, шындыққа сүйене отырып, ешқандай жағдайларға қарамастан, дұрыс, адал көзқараста болу.

Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: