09:05
Құндылық қадамы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Ұзақ мерзімді іс-шара

#1

Атауы: «Менің салтым – менің дәстүрім»

Уақыты: 1 апта

Түрі: сахналық ойылым

Орындалуы: Салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында, оқушылардың жас ерекшелігі мен орындай алу деңгейіне қарай бірнеше дәстүр таңдалады. Сынып ішінде топтарға бөлініп немесе қатарлас сыныптар арасында да ұйымдастыруға болады. Салт-дәстүр тақырыптары алдын ала 1 апта бұрын топтарға беріліп, зерттеуге, дайындық жасауға мүмкіндік жасалады. Апта соңында салт-дәстүрлер көрмесі ретінде өткізіп, әр топ өз қойылымы бойынша дәстүр туралы түсінік қалыптастырады. Бұл шараға ата-аналарды да қытсыстырған жөн. Шақырылған қонақтар өз пікірлері мен сезімдерін бөлісіп, салт-дәстүрлердің күнделікті өмірде ұстануын насихаттайды.

Қорытынды: Оқушылардың бойында салт-дәстүрге құрметі мен қызығушылығын ояту. Қойылымға дайындық барысында дәстүрлердің мағынасын түсіну, халық даналығының қасиетіне көз жеткізу.

 

#2

Атауы: «Ұлттық ою-өрнек көрмесі»

Уақыты: 1 апта

Түрі: көрме

Орындалуы: Оқушы қыздар арасында қағаздан ою-өрнек кесу арқылы қолөнер сайысын өткізуге болады. Өздері таңдап алған ою-өрнегін қолдан бастырып, қалағанынша әсемдейді. Кейін әрбір қыз өз жұмысын қорғайды. Үздік шыққан жұмыс марапатталады.

Қорытынды: Қыз балаларға ұлттық шығармашылықты таныстыру, өнерге баулу, икемділікке үйрету, сұлулықты бағалауға жетелеу.

 

#3

Атауы: «Батаменен ел көгерер!»

Уақыты: 1 апта

Түрі: бата жаттау

Орындалуы: Бастауыш сынып ұлдары арасында 1 аптаға бата жаттау сайысы жарияланады. Ең мәнерлі, жатқа бата айтқан бала жеңімпаз атанады. Өзге балалар да қосымша марапатталуы тиіс.

Қорытынды: Бұл сайыс арқылы аталарымыздан дәстүр болып келе жатқан бата беру үрдісін жандандыру. Оқушыларға салт-дәстүрді насихаттау.

 

АТА-АНАМЕН ІС-ШАРА

Атауы: Бірге ән шырқайық!

Уақыты: 1-4 апта

Түрі: видео-челлендж

Орындалуы: Ата-ана баласы екеуі халық әнін таңдап, бірге орындайды. Орындалған әнді бейнетаспаға жазып, келесі ата-анаға жолдайды. Немесе тағайындалған әділ-қазыларға жіберіп отыруға да болады.

Қорытынды: халық әндерін жаңғырту, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсат етіледі.

 

ҰЖЫММЕН ЖҰМЫС

Атауы: Қазақ дастарқаны

Орындалуы: Ұжым мүшелері ұлттық тағамдарды өзара бөлісіп, белгіленген уақытқа үйден дайындап келеді. барлығы үлкен дастарқанда бас қосып, бір-біріне жақсы тілектерін білдіріп, жасы үлкенінен бата сұралады.

Қорытынды: Ұжыммен ынтымақтастықтары артып, салт-дәстүрлер орындалады. Жақсы лебіздер мерейін асырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: