22:34
Құндылық қадамы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Қысқа мерзімді іс-шара

#2

Атауы: Ұлттық десерт

Уақыты: 15-20 минут

Қолданатын материалдар: талқан, тары, сары май, бал, құмшекер (қант), ірімшік, мейіз немесе жаңғақ, қажетті ыдыстар

Орындалуы: Ұлттық тағамдардың ішінде ерекше орны бар жент немесе қоспа тәттісімен бұзылмайтын, ұзақ уақыт сақталатын және құнарлы болып келген. Сондай тағамдардың бірі – жент. Қазақтың ұлттық десерті. Жент – мейрамдарда шаймен бірге желінетін тәтті тағам. Женттің құрамындағы тағамдардың құнарлығы мен пайдасын түсіндіру керек. Оқушылар қолын жақсылап жуып, жеңдерін түріп іске кіріседі.

  1. Сары май мен балды жылы жерге қойып, ерітеді.
  2. Ірімшікті үгітеді.
  3. Жаңғақты тазалап, үгітеді. Мейізді жуып, турайды.
  4. Тарыны ыстық суға шайып, бұқтырып қояды.
  5. Талқанның екі түрін араластырады. Тары мен бидайдың талқаны болады. Екеуі де табылса женттің дәмі мен құндылығы ерекше болады.
  6. Барлығын араластырып, дайын болған қоспаны домалақтайды.
  7. Оқушылар дәмін татып көреді.

Қорытынды: Жент жасау тәсілін түсіндіру. Жент жасау арқылы оқушыларға ұлттық тағамдарды насихатау.

 

#3

Атауы: Оқушылар айтысы

Уақыты: 15-20 минут

Орындалуы: Айтысты бастамас бұрын оқушыларға айтыстың түрлері және ақындық өнер жайлы түсіндіріледі. Алдын-ала дайындық жасап, оқушыларға тақырыптар беріледі. Мақал-мәтел айтысы, жұмбақ айтыс, күй тартысу айтысы, суырып салма айтысы, белгілі бір тақырыпта өлеңдер жинағын оқу айтысы. Айтысты тақырыптардың біреуін таңдап немесе оқушыларды бірнеше топтарға бөліп, әртүрлі тақырыптарда ұйымдастыруға болады. Тақырыптар оқушылардың қабілеті мен жас ерекшелігіне қарай таңдалады.

Қорытынды: Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, оқушылардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді. Ұлттық өнердің мәртебесін көтереді.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: