12:06
Құндылық қадамы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Қысқа мерзімді іс-шара

#1

Атауы: «Құрт – асыл тас»

Уақыты: 30 минут

Түрі: қонаққа әжені шақыру

Қолданатын материалдар: құрт

Орындалуы: Ұлттық тағамдардың ішінде, Қазақ елін дүние жүзіне танытқан, ерекше орны бар, құрттың тарихымен таныстырады.

(Ақмола лагерінің тұтқындарының бірі Гертруда Платайс қазақ халқының тұтқын әйелдерге қалай қамқорлық танытқанын айтып берген еді.

Құрт – асыл тас

Қазақ атқан тасқа барып жығылдым

- Тамағыма өксік келіп тығылды.

Құдайым-ау, тас па мынау немене?

Мұрыныма сүт иісі келе ме?

Үміт оты жарқ етті ғой,

Тас дегенім азық екен

Нәр боп сіңер денеме.

Қарттар неге өшікті деп ойлап едім, таңдана...

Сол барақта мұсылманша сыйындым.

«Неміспін мен, христианмын», - деп ойлаудан тыйылдым.

Өзім үшін ештеңе де сұрамадым,

Қарттар үшін денге саулық,

Аналарға мол-мол бақыт,

Балаларға шалқар шаттық – осы болды сұрағаным.

Тәрбиенің ең ұлысын балаға

Даналықпен бере алады қазақтар).

Құрт туралы мәлімет:

Құрт – кептірілген сүт өнімі. Оның құрамында кальций, А,В,С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері бар. құрт – ақуызға бай, құнарлы тағам.

Оның түрлерімен таныстыру: Жас құрт; Ыстық құрт; езген құрт; Сүзбе; Сықпа құрт; Ұнтақ құрт; Көбік; Малта; Құрт-май.

Сыныпқа құрт жасауды көрсетіп беретін әжені шақыру. Әже оқушылардың алдында құртты неден жасалатынын, қалай дайындайтынын көрсетеді. Құртты дайындауға барлық оқушы қатысады. Дәмін татып көреді.

Қорытынды: Құрт жасау тәсілін түсіндіру, үлкендерге көмектесудің маңызын айту. Ұлттық тағамдарды насихаттау, денсаулыққа пайдасын анықтау.

 

Бала өз ана тілінде тәрбиеленбесе,

өз халқына қызмет ете алмайды.

Ахмет Байтұрсынұлы

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: