20:45
Құндылық қадамы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Жаңа заман қоғамында ұлттық құндылықтардың орны қандай болмақ?

Заман талабына сай қоғамның әлеуметтік сұранысының негізі – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін әрекет түрлері арқылы іске асады. Біздің алдымызда «бабалардың игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр.

«Ел боламын десең бесігіңді түзе», - деген М.Әуезовтің ұлағатты сөзі де жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің маңыздылығын айқындайды. Халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Ұлттық тәрбие жас ұрпақтың адамгершілік сезімдерін дамытып, өз еліне деген оң көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді. Тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесінде бүгінгі күнді ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, демеу жасасақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуақғын шашып тұрған ейірімді, адамгершілігі мол, өз елін, ана тілін, өз отбасын сүйетін еңбекқор, адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз.

Ұлттық ойындарды естігеніміз болмаса, мерекелерде сахналық қойылым ретінде ойнағанымыз болмаса, жас ұрпақтың күнделікті ойынына айналдыру үшін, ойындарды жай ғана насихаттау аздық етеді. Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, әр сабақта ұлттық ойын элементтерін пайдалану, тіпті оқушының бос уақытында, яғни үзіліс кезінде ұлттық ойындар ойнайтын арнайы орын ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттық ойындар сайыстарын жиі ұйымдастырса, оған отбасы мүшелерін де тартса, баланың ғана емес, отбасының ұлттық ойын ойнауына, оның ұмытылмауына септігімізді тигізер едік.

Сондай-ақ айтыс өнері, жыршы мен жыраулар, билер туралы білуге қазіргі ұрпақтың қызығушылығы аз екені белгілі. Осындай ұлттық құндылықтардың келер ұрпаққа жетуі үшін әрбір шараға, сабақтарға оқушылар бойына рухани азық болар құндылықтарды пайдалану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

 

Мектеп ішінде ұлттық құндылықтардың жаңғыруына әсер ететін шараларды жиі әрі үздіксіз жасап тұру керек. Оларды тек наурыз айында немесе қазақ тілі апталығында ғана емес, әр тоқсанға жоспарлы түрде енгізу қажет. Мысалы, үзіліс кезінде бой сергіту үшін қара жорға биіне билетсе, шынықтыру үшін асық ойынын, сақина салу, орамал тастау секілді ойындарды да жаңғыртып отырған жөн. Ата-аналармен бірлесе отырып, ұлттық аспапта ойнау, халық әндерін айту, мақал-мәтел жаттау, бата жатқа айту секілді түрлі челлендждер ұйымдастыруға да болады.

 

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай Құнанбаев

 

Қазақта 150-ге тарта ұлттық ойын барын біліп пе едіңіз?! Оларды зерттеген Е.Сағындықов, Ә.Диваев секілді ғалымдар: ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары, жануарлар дүниесі, аңшылыққа байланысты ойындар, дене шынықтыру, спорт ойындары деп бөліп қарастырады.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» 2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жарлығымен, шілде айының бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілді. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: