00:17 Құндылық қадамы | |
КІШІПЕЙІЛДІЛІК Су да төмен қарай ағады, Кішіпейілділік адамға жағады. Мақал Қысқа мерзімді іс-шара #4 Атауы: Жол тап Уақыты: 10-15 минут Түрі: ойын Орындалуы: Мұғалім ортаға екі оқушыны шығарады. Бірінші оқушының көзін байлайды. Лабиринттің жолы таяқшалармен жасалады. Екінші оқушы бірінші оқушыға лабиринттен шығу жолын код арқылы шапалақтап көмектесу керек. Көзі байланған оқушы екінші оқушының шапалағы бойынша жолды тауып шығуы керек. Код: Бір шапалақ – тура жүр Екі шапалақ – оңға бұрыл Үш шапалақ – солға бұрыл Қорытынды: Басқа оқушының ісі өзімен тікелей байланысты екенін түсінетін оқушы басқаларға кішіпейіл болуға дағдыланады.
#5 Атауы: Қызмет көрсет Уақыты: 10-15 минут Түрі: ойын Орындалуы: Мұғалім оқушыларға бірдей орташа парақ таратады да, қызмет көрсету түрлерін түсіндіреді. Мысалы: орын беру, есік ашу, жол беру, су әкеліп беру, тәттілер ұсыну, сөмкесін көтеру, кітабымен бөлісу, сыртқы киімін кигізіп жіберу, қолына су құю, сүрткіш әперу, т.с.с. Әр бала өзі ұнатқан қызмет түрін таңдап, сол параққа суретін салады. Кейін парақтарды араластырып, әр балаға таратады. Олар түскен парақтағы тапсырманы орындауы керек. Қорытынды: Оқушының басқаға қызмет көрсету арқылы кішіпейілділікті сезінуі және өмірде ұстануы күтіледі. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |