23:18
Құндылық қадамы

КІШІПЕЙІЛДІЛІК

Қысқа мерзімді іс-шара

#1

Атауы: Жасыл тізім

Уақыты: 15-20 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Мұғалім бір жағдай беріп, сол жағдайды ойнатып, «қай адамға рахмет?», «қай адамнан кешірім сұрау керек, неге?», «кімді кешіру керек» деген сұрақтарды оқушылармен талдайды. Оқушылар бір-бірінің ойын тыңдай отырып, бұл дұрыс процесс екенін түсінеді. Содан кейін әр оқушы бір парақ алып, үш бағаннан тұратын кесте сызып, өз сыныптастарының арасында «Кімнің есімін осы кестеге енгізер едің және қай бағанға?» деген тапсырманы орындайды.

Рахмет айтам

Кешірім сұраймын

Кешіремін

 

 

 

Кестені толтырып болған соң, тізімдегі әр сыныптасына жолығып, өз сезімін жеткізеді.

Қорытынды: Рахмет айту, кешірім сұрау және кешіру кейде қиын болуы мүмкін. Оқушылар өз сезімін ашық білдіру арқылы кішіпейіл болуға үйретеді.

 

#2

Атауы: Қаламыңды бөліс

Уақыты: 10-15 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Мұғалім оқушыларға кішігірім диктант жаздырады. Диктант жаздырмас бұрын әр партада отырған екі оқушы қаламдарымен ауысады. Солай диктант жазып шығады. Диктант кішіпейілділік туралы болғаны жөн.

Қорытынды: Көп оқушының өзінің сүйікті қаламы бары белгілі. Оны бөлісу кейде қиын болғандықтан, оқушылар бөлісу арқылы кішіпейіл болуды үйренеді.

 

#3

Атауы: Кішіпейіл адам не істейді және не істемейді?

Уақыты: 10-15 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «кішіпейіл адам не істейді?», ал екінші топ «кішіпейіл адам не істемейді?» деген сұрақтарға кезекпен жауап беру керек. Дайындыққа бес минут беріледі. Он минуттың ішінде ең көп жауап берген топ жеңеді.

Қорытынды: Ойын барысында дұрыс жауаптар ойлап табу арқылы кішіпейіл болуды түсініп есте сақтайды.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: