01:27
Құндылық қадамы

КІШІПЕЙІЛДІЛІК

Кішіпейіл обул неліктен маңызды?

- Кішіпейілділік достыққа бастайды: Кішіпейіл адам досты тез табады. Ондай адамдар қайда жүрсе де, басқалармен тіл табысып жүреді.

- Кішіпейілділік жетістікке жетелейді: Баланы кішіпейілділікке баулысақ, ертеңгі күні оған мақсатқа жету қиынға соқпайды.

- Сыйластық пен құрметке лайық болады: Кешірімді болу, қарапайым болу, ізеттілік пен әдептілік қасиеті ең көргенсіз адамға да бас идірген.

- Сенім ұялатады: Әдептілігінің арқасында артық әңгіме, сөзге ермеуі сенім тудырады.

- Алғысқа кенеледі: Мінез-құлқындағы тұрақтылығы мен әрекетіндегі салмақтылығы, кез келген ортада өзін басқара алатындығы көпшіліктің көңілінен шығады, жүректен шыққан ризашылығын алады.

 

Кішіпейілділікке баулу

- Өзі жайлы артық ойламауды үйрету. Кімде-кім шын мәнінде ешкім бола тұра, өзі туралы жоғары ойда болса, өзін-өзі алдайды.

- Шындықтан алыс сөздерді айтпау. «Сен аңсаған арманына міндетті түрде жетесің», «кім болғың келсе, сол бола аласың» деген сияқты сөздер серпін беретіндей көрінер, алайда бұл шындыққа жанаса бермейді. Ақылға қонымды мақсаттар қойып, соларға барынша ұмтылса, әлдеқайда көп жетістікке жетеді.

- Нақты бір ісі үшін мақтау. «Сен жақсысың, сен күштісің» деген жалпылама сөздер баланы кішіпейілділікке бастамайды. Сондықтан баланың өзін емес, нақты бір ісін мақтау керек.

- Әлеуметтік желіден алыстату. Әдетте, әлеуметтік желіде адам өзін жарнамалап, дарындарын, атқарған бар істерін көрмеге қойғандай болады. Алайда бұл кішіпейілділікке қарама-қайшы, яғни тәкаппарлыққа әкеледі.

- Бірден кешірім сұрауға үйрету. Өз қателігін көре біліп, оны мойындауға көмектесу.

- Жақсылық жасау қайырлы іс екенін айту. Бұл баланың есейіп, толысуына көмектеседі. Сондықтан көмекке мұқтаж жандарды байқай білуге үйрету. Оларға қалай қол ұшын бере алатынын баламен бірге талқылау. Ол біреуге көмектескенде мақтау, әрі оған қолдау көрсету.

- Жүрекке алғыс ұялату. Жаратылыс әлемі үшін алғыс. Балалар табиғат ғажайыптары үшін ризашылық сезініп, адам оған қаншалықты тәуелді екенін түсінуі керек. Бізге тыныстайтын ауа, ішетін су, жейтін тамақ қажет. Ол мысалдар арқылы табиғат таңғажайыптары үшін бойларында ризашылық оятып, таңданыс туғызу.

- Адамдарды бағалау. Балаға әр адамның бойында қандай да бір қабілеті бар екенін есіне салып тұру. «Ол неге менен мықты?» деп қабілеттеріне қызғана қараудың орнына, олардан үйренуге дағдыландыру.

- алғыс білдіру. Балаға рақметті құр ауызбен емес, жүрекпен түсініп айтуды үйрету. Әдетте, алғысты білетін бала кішіпейілділіктен аттап кетпейді.

 

Әлемге Димаш есімімен танымал болған Дінмұхаммед Құдайбергеннің кішіпейілділігі көпке үлгі. Дүниежүзін таңқалдырған талант иесі, шыққан қарашаңфрағын ұмытпай, үнемі елімінң қолдауы, атам мен әжемнің батасы, ата-анамның тәрбиесінің арқасында биіктерді бағындыра алдым дейді. Талантты әнші, «Әлем үздігі» (The World’s Best) байқауындағы жеңіске жетуге аз қалғанда қазақ халқына тән дарқандығымен артынан ерген кішкентай өнерпаздарға жол беруді жөн санайды. Үнді елінің жас пианисі Лидиан Надхас варам жүлделі орынды иеленгенімен, кең жүректің иесі – Димаш әлем сүйіктісіне айналды.

(жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: