11:06
Құндылық қадамы

АДАЛДЫҚ

Қысқа мерзімді іс-шара

#2

Атауы: Тапқыр

Уақыты: 15 минут

Түрі: ойын

Орындалуы: Мұғалім алдымен адалдықтың маңызын түсіндіріп, кейін ойынның шартымен оқушыларды таныстырады.

Ойынның шарты:

1. Бөлменің әр бұрышында түрлі заттар мен ойыншықтар салынған қорап болады. Балалар шеңбер құрып, үш-төрт баладан тұратын топтарға бөлінеді. Әр топқа бір есім немесе анықтайтын басқа бір белгі беруге болады.

2. Содан кейін мұғалім олардан қораптарда белгілі бір зат бар-жоғын сұрайды, әр топтан бір бала қорапқа жүгіріп барып, затты іздейді және басқаларға көрсетпей жауап береді. Ол зат қорапта болуы немесе болмауы да мүмкін. Қораптағы әр нысан үшін олар ұпай алады.

3. Мұғалім ойын барысында бәсекеге қабілеттілік рухын оятады, егер сұралған зат қорапта бар болса, балалардың жеңіске деген ұмтылысы күшейеді.

4. Әр қорапта мазмұны әртүрлі болатындай бірдей және бірнеше түрлі заттар болады.

5. Мұғалім әр топтың қорапта қай затты тапқанын жазып алады.

6. Ойын әр команданың барлық мүшесі қорапқа баруға мүмкіндік алған кезде аяқталады. Қораптан ең көп зат тапқан команда жеңімпаз атанады.

Ойын шарты оқушыларға басынан түсінікті болуы қажет.

2-бөлім

Енд топ әр қораптан не тапқанын анықтайды. Ол үшін мұғалім барлық баланы жинайды және олардың тапқан заттар тізімін оқиды. Осылай қораптағы заттар команданың әр мүшесінің айтқанына сәйкес келіп-келмейтінін балалармен бірге тексереді.

3-бөлім

Топтық кездесуде балалар қай команданың ең адал екенін бағалайды және сол адалдық негізінде жеңімпазды өздері анықтайды.

Қорытынды: Мұғалім осы ойын арқылы адал жүріс-тұрыстың не екенін және ойында жеңіп шығу емес, адал және шыншыл болудың маңызды екенін түсіндіреді.

 

#3

Атауы: Жасырын сия

Уақыты: 20 минут

Түрі: тәжірибе

Қажетті материалдар:

Бірінші тәжірибеге: су, йод, лимон қышқылы, таяқша, екі ыдыс

Екінші тәжірибеге: лимон қышқылы, сүт, ас сдасы, үтік, қылқалам (кисточка)

Орындалуы: Жасырын сия жасаудың екі тәсілі берілген. Бұл тәжірибелерді демонстрация түрінде немесе әр оқушыға жасатуға болады.

Біріншісі.

1. Бірінші ыдысқа лимон қышқылын суға араластырып ерітінді жасалады. Бұл ерітіндіні «жасырын сия» ретінде қолданады.

2. Таяқшаның ұшы жуандау болса, жазу анық көрінеді. Ақ қағазға таяқшаны қолданып, «жасырын сиямен» бір құпия сөз жазылады. Мысалы: Адалдық – ардың ісі.

3. Екінші табақ тәріздес ыдысқа йод пен су араластырылады. Бұл ерітінді «жасырын сиямен» жазылған құпия сөзді анықтау үшін керек. Құпия сөз жазылған қағаз ерітіндіге батырылады.

4. Біршама уақыттан кейін құпия сөзді бәрі анық көре алады.

Екіншісі:

1. Ыдысқа лимон шырыны, бір қасық ас содасы және сүт қосылады. Барлығын араластырып «жасырын сия» жасалады.

2. Ақ қағазға таяқшаны немесе қылқалам қолданып «жасырын сиямен» бір құпия сөз жазылады. Мысалы: Адалдық – ардың ісі.

3. Ақ қағаздағы жазу кебу керек.

4. Үтік алдын-ала қыздырылып қойылады. Үтікті бүлдірмеу мақсатында, жасырын құпия сөз жазылған қағаздың үстіне таза қағаз жауып үтіктеледі. Сәл уақыттан кейін құпия сөзді бәрі анық көре алады.

Қорытынды: Бұл тәжірибе негізінде шындық әрқашан анықталатынын, жасырын болғанның бәрі бір күні жария болатынын көрсетеді. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деген сөздің мағынасын ұғындырып кеткен жөн. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: