09:05 Наурыз нақыштары | |
НАУРЫЗ-КӨКТЕМ Кезіп жүр ғой Наурыз-көктем даланы, Шыныланған үйлері бар қаланы. Кешегі қар шалшық суға айналып, Аралап жүр тынымсыз айналаны.
Құстарменен Наурыз-көктем сайрады, Жыр-әнімен мейірлене баурайды. Түрлі-түрліше саз-әуенге басып, Иманға толы асыл сезімді қайрайды.
Самалменен Наурыз-көктем қыдырар, Сылдыр бұлақ ылди аңсай зымырар. Тұс-тұстан Жер-Ана менмұндалап, Шырақ-жанар айналаға зер салар.
Жылуымен Наурыз-көктем әрленер, Жанды-жансыз өзгерер һәм түрленер. Сәулелі Күн жоғарыдан төмен қарап, Жылы нұры Жер құшағына енер.
Түрлендірді Наурыз-көктем табиғатты, Шашудайын шашты мейірім-шапағатты. Адамдардың жан-жүрегі гүл-гүл жайнап, Құдіреттеуде Аллаға деген махаббатты. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |