20:34
Ән - көңілдің ажары

МӘҢГІЛІК ӘНДЕР МЕРЕЙІ

2018 жылдың 20 қарашасында Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы № 22 ЖОМ-де Отан алдындағы әскери борышын өтеген адамдарға құрмет пен мақтаныш сезімін ояту мақсатында "Тірілер, біз туралы ән шырқаңдар!" атты Ұлы Отан соғысы және Ауғанстан елінде болған соғыс тақырыптарын арқау еткен әндердің сахналаған байқау өткізілді. Байқау майдангер-педагог Аликов Рахымберді Жақияұлы 100-жылдығына, Курск доғасындағы, Сталинград түбіндегі шайқастың 75-жылдығына, Ленинград блокадасынан азат етілуіне, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30-жылдығына, тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар мемориалының ашылуына және басқа да жергілікті соғыстарға арналған.

Осынау іс-шараға интернационалист-жауынгерлер, тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығысқа қатысушы-жауынгерлер шақырылды.

Байқауға қаланың 9 жалпы білім беретін мектептерінен 7-11 сынып оқушылары қатысты.(№ 1, 4, 14, 18, 22, 25, 26, 29, 42).

Шараның шарты бойынша қатысушылар сахналанған әндерді орындады. Байқауға қатысушылар соғыс, жауынгер-интернационалистер, соғыстан батырларды күткен адамдар туралы ең танымал әндерді орындады. Жүрекке жылы тиетін жарқын конкурстық нөмірлерінің бірі "Соғыс ардагерлері", "Курск түбіндегі жекпе-жек", "Ақ көйлек" әндерін № 29, 26 мектептер оқушылардың орындауында болды.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 14 ЖОМ оқушылары Газизов Мадияр және Құдайбергенова Дарина, № 22 ЖОМ оқушылары Айдархан Баян, Сарсебек Али, Сагындык Малика, № 25 ЖОМ оқушысы Ахметбек Данияр, II орынды № 4 ЖОМ оқушысы Лосева Дарья, № 18 ЖОМ оқушылары Базилова Аружан, Айтмырзаева Арина, Смирнова Алина, № 29 ЖОМ оқушылары Молдашева Мадина, Глебов Валерий, Стулова Алиса, III орынды № 1 ЖОМ оқушылары Коцюбин Адам, Потихов Максим, № 26 ЖОМ оқушылары. № 42 ЖОМ оқушылары Альжанова Дильназ, Нагимулина Эрика, Шрейнер Виктория иеленді.

№ 14 және 25 ЖОМ оқушылары байқау жеңімпаздары ретінде "Жеңіс Қаруы" ауыспалы Кубогімен марапатталды. № 22 ЖОМ технология мұғалімі Жүсіпов Жаңабай Жүсіпбекұлы осы ерекше кубоктардың авторы және жасаушысы болып табылады.

Мектеп директоры Мамбетова Майра Қабиденқызы "Бауыржан Момышұлының "Батыр Шапағаты" медалімен марапатталды.

Іс-шара қатысушыларына Курск доғасы, Ленинград блокадасы, Сталинград шайқасы туралы соғыс жылдарындағы фильм және тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысушылар хақында бейнебаян көрсетілді.

"Байқауға қатысушылар, қонақтар және мектеп оқушылары қатысқан бұл іс-шара өз Отанының тарихымен және ұрпақтардың сабақтастығымен жанасудың таптырмас үлгісі болды", - деп атап өтті мектеп директоры.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Просмотров: 415 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: