23:23 Ұмытылған ұлт дәстүрлері | |
АРТЫНАН ТОПЫРАҚ ШАШУ Артынан топырақ шашу /дәстүр/. Халықта ел қатты жек көрген қылмыскерлер мен опасыздарға, қарғыс алғандарға немесе өзі кінәлі бола тұра ел-жұрт кінәлап ат құйрығын кесіп кетіп бара жатқандарға әбден көңілі қалып, қаны қарайған кездерде көпшілік олардың артынан топырақ шашатын әдет бар. Бұл әрі жаза, әрі «қараң батсын» деген қарғыстың «енді көзге көрінбе» деген аса қатты айыптаудың ауыр сабағы. Мұндай адамардың елі атын атамаған, есімін еске алмаған. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |