15:05 Ұмытылған ұлт дәстүрлері | |
«ҚАСҚА» ЖАЗАСЫ Қасқа /ғұрып, заң/. Қазақтың «Жеті жарғы» және билік, әділет заңдарында қылмысына қарай жаза түрлері де әр түрлі болған. Соның ішінде ауыр жазалардың бірі – «қасқа» деп аталады. Бұл жазаға ұшыраған адамға өшпес таңба салынып әрі елден қуылған. Мұндай ауыр дәстүрді қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлы былайша көрсеткен: «Мұны естіген Бабас қайғыдан қатты күйіп, қаһарға мінген екен. Қабаштың шашын ұстарамен қырыпты. Содан соң құйқасын маңдайынан желкесіне дейін, оң самайынан сол самайына тіледі. Басына жарғақ тұмақ, үстіне айналдырған тон кигізеді де, қолына таяқ ұстатады. «енді қайда барсаң онда бар. Сендей ағайыннан адал арым артық», - деп теріс батасын беріп, ата қоныстан аластап шығарған екен. Ол заманда қарғыстың ауыры «теріс бата», жазаның үлкені «қасқа» етіп әйгілеп, елден қуып қаңғыртып жіберу болыпты ғой». /Ұшқан ұя/. Мұндай өте ауыр жазаға ұшырағандарға жұрт «қараң батсын», «келмеске кет» деп қарғыс айтып, артынан топырақ шашқан. Жазаның мұнан басқа да ауыр түрлері болған:
Бұл заңдар қанша ауыр болғанымен ұлт намысын сақтауға, телі-тентектерді тыюға әсер еткен. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |