10:27
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ШАҢ БАСТЫ

  1. «Шаң басты» /құқықтық салт/. «Шаң басты» жазасы қолданылған» /Егемен Қазақстан/. Ежелгі қазақ тәртібі бойынша бөтен адамдар біреудің меншікті жерін рұқсатсыз баса алмаған. Ол кезде меншікті жердің бақылаушы-күзетшілері де болған. Ал, алыстан жүрген жолаушылар болса көрінетін жердегі ауылға соқпай, ол елдің адамдарына сәлемдеспей, естіп, білген ел жаңалықтарын жеткізбей өтпеген. Бұл тәртіпті бұзған адамдар ұры, қарақшы, күдікті адам деп саналған. Мұндай жағдайда ел, ауыл басқарушылары ондай адамдарды ұстатып алып, тергеп-тексеріп, айып салған. Мұндай заңды еліміз «шаң басты» жазасы дейді. Демек ол кезде ауыл тұсынан шаңдатып өту де әдепсіздік болып есептелген. Ертеде елімізде тәртіптік заңның қатаң әрі әділетті болғанын осыдан-ақ байқауға болады.
  2. «Шаң басты» дәстүрінің екінші түрі де бар. Айталық, басқа біреудің жерімен өз малын айдап өткен адамдар жер иесіне өзінің малының көлеміне сәйкес төлем /мал/ төлеген. Оны «шаң басты» салығы, яғни төлемі деп атаған.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 312 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: