22:18
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ТОЙХАНА

Тойхана /салт/. «Тойға шақырылған адамдардың барлығы тойхана алып келетін салт бар ғой» /Қазақстың би-шешендері/. Тойға әкелген сый-сияпатты қазақ «тойхана» деп атайды. Оған әркім өз шамасына қарай кілем, мал, ақша да әкеле береді. Мұндай салт қазір де бар.

Тойдың да түрлері бар. Соған сәйкес оған әкелген сый-ескерткіштердің де ат-атаулары бар. Айталық, асқа – сауын, сойыс, тойға – тойхана, үйлену тойына – немеурін, бала сүндеттегенде – бәсіре, мүшелтойға – сыйлық т.б. Мұның мән-мәнісі осындай үлкен жиында шығынды ел, туған-туыс, ағайын-ілік болып біріге көтеруінде жатыр. Демек, бірлігі, ынтымағы зор ел «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп біріге іс жасаған.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 308 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: