13:03 Ұмытылған ұлт дәстүрлері | |
БЕС ЖАҚСЫ «Бес жақсы» /дәстүр/. «Оның үстіне қалыңмалмен қабат бес жақсы туралы да келісіледі» /Ы.Алтынсарин/. Аты айтып тұрғандай бұл бұрынғы ізгі жақсылар, би, бай, мырза, батыр, ел ағалары арасында жүретін жолы да, орны да ерекше қасиетті бағалы дәстүр деп саналады. Елдің аса құрметті, беделді адамдары арасындағы достық, сыйластық қарым-қатынастарда сый-сияпат немесе құдалар арасындағы қалың мал, киіт орнына да жүрген. Халық арасындағы жоғары құрмет пен марапат, сый-сияпаттың ең жоғары түре де осы – «бес жақсы» дәстүрі арқылы көрсетілген. «Бес жақсыға» мыналар жатады: 1. Қара нар. 2. Жүйрік ат. 3. Қалың кілем. 4. Алмас қылыш. 5. Бұлғын ішік. Құдалар арасында мұның бірі ұзатылған қыздың сәукеле бастаған асыл тағымдарымен алмастырылады. Бұл дәстүр елдің, ердің дәулетін, мырзалық, мәрттік, тектілік, сыйластық қасиеттерін көрсететін әрі оның салтанатын, ар-абыройын арттыратын ұлы көрініс. «Бес жақсының» бір түрінің өзі 4-5 жылқыға бағаланған. «Бес жақсы» түріне, дәрежесіне қарай «бас жақсы», «орта жақсы», «аяқ жақсы» болып үшке бөлінеді. Мұның бәрі бағалы кәде қатарына жатады. Кей жерлерде «алты жақсы» деген де бар. Бұл дәстүрде «бес жақсыға» тағы бір жақсы қосылады. Айталық, алтын, күміс жамбы, күмістеген ер-тоқым немесе кісе белбеу т.б. «Ошақты Құлназарға құн бермексің, алты жақсы, жүз жылқы пұл бермексің» /Бөрібай ақын/.
әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |