16:36
Мезгіл мәселесі
РУХАНИ АЗҒЫНДАУ – ӘРІ ДЕРТ, ӘРІ ДАУ
Жаңалық ашайын деп тұрған жоқпын. Демек, қазіргі кезде көркем шығарма оқуды былай ысырып қойып жүрген өскелең ұрпақ жайы алаңдатады, ағайын. Боймен бірге ойы қатар жетілмесе, қарапайым адами қадір-қасиет қайтіп қалыптасады?! Ауыл кітапханасыда болсын, мектеп кітапханасында болсын көркем шығармалар самсап тұр. Ал оны алып оқып жүрген оқушы қатары некен-саяқ. Сонда-ау сондайма рухани құндылықтар жай сән үшін берілген бе? Діттеген мәнін қайдан іздейміз? Жұрт алдында сөйлеуде бір-екі сөздің басын құрастыра алмайтын сөйлеуші айтар ойын жеткізуде кесек-кесек кедергілерге ұшырайтыны өз алдына, тығырыққа тірелудің қиындығына тап болады. Айталық, сабақ үстінде болсын, жай кезде болсын оқушы қауыммен әңгімелескен сәтте олардың тілдік қорының тым жұпыны екенін байқап қалсаң, өз-өзіңнен қуыстанады екенсің. Ұзын сөздің қысқасы, рухани қорды жетілдіретін, жаңартатын һәм жаңғыртатын уақыт әлдеқашан жетті. Қапы қалмайық, ағайын. Сыныптан тыс уақыттарда, сабақтан және жұмыстан босаған сәттерде күнделікті я апталық бұқаралық ақпарат құралдары өз алдына, бойында тағылымдық-тәрбиелік жүк арқалаған әдеби-танымдық, көркем-имандылық кітаптарды оқуға бет бұрғанымыз абзал. Нәтижесі опық жегізбейтініне көзіңіз жетеді. Керісінше ойыңыз өседі, парасатыңыз жоғарылайды, көзқарасыңыз алға қарай жетелейді. Іске сәт! ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1037 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: