Бағалау айнасының жобасы
МҰҒАЛІМ РЕЙТИНГІСІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Басқасы басқа, ал қазіргі кезде мектепте балаларға білім берумен айналысып жүрген мұғалім еңбегі жемісі һәм жеңісі берісі мектеп ұжымы, арысы аудандық білім бөлімінің абыройлы назарында жүреді. Бұны парақтап жинаған файлдық папкалармен есептеу бағалау жүйесінде көмескі тартып келе жатқаны тағы да жасырын емес. Сондықтан мұғалім рейтингісін есептеудің өзіндік әдістемесін ортаға салып көрелік.
[ Пән бойынша мұғалім жұмысының нәтижелілігіне аялдайық.
Rп = rоб – kпк – N
Мұндағы:
rоб – мұғалімнің барлық сыныптағы пән бойынша орташа балы
kпк – пәндер бойынша күрделілік коэффициенті:
математика – 1,1
шетел тілі, информатика – 1,0
физика, химия – 0,9
қазақ, орыс тілі мен әдебиеті – 0,8
тарих, АҚҚ (адам, қоғам, құқық), дүниетану, география, биология – 0,6
дене тәрбиесі, АӘД – 0,5
еңбекке баулу, технология – 0,4
сызу – 0,3
бейнелеу өнері -0,2
музыка – 0,1
N – қорытынды екіліктер саны |
[ Арықарай пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың нәтижелілігін есепке алайық.
Rст = Vo + Vожо + Vб + М
Мұндағы:
Vо – мектептік олимпиадада, байқауларда т.б. оқушының иеленген жүлделі орындары үшін бағасы (1 орын – 2 балл, 2 орын – 1 балл, 3 орын - 0,5 балл)
Vожо – оқушылардың аудандық (3 балл), облыстық (4 балл), республикалық (5 балл) олимпиадаларда, байқауларда, сайыстарда т.б. иелік еткен жүлделі орындардың бағасы
Vб – мұғалімнің пән бойынша өткізген байқауы үшін бағасы (3 балға дейін)
М – мұғалімнің пән бойынша өткізген сыныптан тыс шарасы үшін бағасы (3 балға дейін) |
[ Келесі кезектегі әдістемелік қайраткерлігі нәтижелілігін бетке алайық.
Rәқ = P1 + P2 + P3 + P4 + P5 + P6
Мұндағы:
P1 – мұғалімнің «Жыл мұғалімі» байқауына және т.б. қатысқаны бағасы (7 балға дейін)
P2 – ПМБАИ рецензиясы бар әдістемелік жадығаттарды дайындағаны үшін бағасы (5 балға дейін)
P3 – мұғалімнің педкеңестерде, семинарларда, конференцияларда оқыған баяндамалары үшін бағасы (4 балға дейін)
P4 – мұғалімнің әдістемелік көрмеге әзірлеген жадығаттары үшін бағасы (3 балға дейін)
P5 – мұғалімнің талпынысы бойынша өз тәжірибесін таратуы үшін бағасы (3 балға дейін)
P6 – мұғалімнің баспа бетінде жарияланған әдістемелік жадығаттары үшін бағасы (3 балға дейін) |
[ Және де мұғалімнің мектеп әкімшілігі алдындағы рейтингісін мүшелеп көрейік.
Rмә = A1 + A2 + A3 + A4 + A5 + A6
Мұндағы:
A1 – мұғалімнің құжаттаманы ресімдеуі үшін бағасы (-1-ден +1-ге дейінгі балл)
A2 – мұғалімнің кезекшілік Ережесіне сәйкес мектеп бойынша кезекшілігі үшін бағасы (-1-ден +1-ге дейінгі балл)
A3 – мұғалімнің мектеп ішіндегі тәртіп Ережелеріне сәйкес мектеп ішінде еңбек тәртібін сақтауы үшін бағасы (-1-ден +1-ге дейінгі балл)
A4 – мұғалімнің бекітілген дәрісхананы (кабинетті) санитарлық жағдайын һәм жалпы сақталуын бақылауы үшін бағасы (-1-ден +1-ге дейінгі балл)
A5 – мұғалімнің ата-аналар һәм оқушылар тарапынан негізделген арыз-шағымдардың болмағаны үшін бағасы (-1-ден +1-ге дейінгі балл)
A5 – мұғалімнің жүктеген тапсырмаларды уақтылы орындағаны үшін бағасы (-1-ден +1-ге дейінгі балл) |
Асылында, жоғарыда тізбектелген төрт бөлшек бір-біріне қосылып, тұтастай рейтингтің қорытынды айқындамасын бүтіндейді. Әрине, ұсынылған жоба мұздай қатып қалған догма емес. Мұны керегінше өзгертуге әбден болады. Іске сәт!
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
|