19:33 Мектептегі мұғалім көшбасшылығы | |
В Тиімді тәжірибе Біліктілік арттыру курстарының аудиторлық кезеңінде егжей-тегжейлі қарастырылған және мәнмәтіннің негізін құрайтын жеті модульді тізбектелген орта мерзімді жоспарлауда, сабақтарда ықпалдастыру оқыту мен оқудың сапасын, табыстылығын, құндылығын талапқа сай арттыруға септігін тигізетіндіктен жоспарға енгіздім. Себебі сол – өткізілетін сабақтың тұла бойында аталмыш модульдердің тиістілерін қажетіне қарай пайдаланылса, мұғалімнің басқарушылық және көшбасшылық дағдылары дамиды, ал оқушылардың жекелеген, жұптасқан, топтасқан дағды-қабілеттері метатанымның құзырлы аясында мейілінше төбе көрсетеді. Айталық, «Диалогтік оқыту және оқу» және «Қалай оқу керектігін оқытуды» айқындайтын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі бойынша оқушылар жұптасып, топтасып суреттер бойынша әңгімелейді, диаграмманы толтырады, мәтіннен түсінгенін баяндайды, сұрақтарға толық әрі қысқа жауап береді, сөздерді дұрыс орналастырып сөйлем құрайды. Бір сөзбен айтқанда, оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары айқындала түседі. Сын тұрғысынан ойлау модулі тізбектелген сабақтарда белсенді оқытуда өз септігін тигізеді. Атап айтқанда, «Ой шақыру», диаграмма, фотоколлаж, жағдаяттық тапсырмалар, «Шағын шолу» сипатындағы әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа деген қығығушылығын, жұпта болсын, топта болсын іс-әрекет жасаған кездегі белсенділігін арттырады. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану модулін сабақтарда енгізуде интербелсенді тақтаның мол мүмкіндіктері негізгі мақсаттарға жетуде, дескрипторларды сапалы орындауда, тақырыпты мейілінше ашуда, бағалау критерийлеріне қол жеткізуде, оқушылардың коммуникативтік құзыреттерін айқындауда таптырмас рөл атқарады, айтарлықтай септігін тигізеді. Дарынды және талантты балаларды оқыту модулін қолдану арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, ақпаратты орынды пайдалана алатынын, өздерінің оқуын қаншалықты реттей білетінін, алынған ақпаратты өздігінен толықтыруға тырысатынын, мәселелерді шешуде балама шешімдерді байқайтынын, ерекше қабілеттерін айқындауда сондай қажет болады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін енгізу А, В, С деңгейдегі оқушыларға өз жастарына тән жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді. Себебі тізбектелген сабақтарға ұсынылатын тапсырмалар 5 сыныптың оқушылары орындай алатындай етіп ұсынылады. Оқушыларды ынталандыру мақсатымен оқу үшін бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері қолданылады. Сайып келгенде, жоғарыда көрсетілген өзгерістерді ұтымды қолдана білген мұғалімнің оқытудағы басқару мен көшбасшылық қабілеттері жаңаша түрде білім беруге серпін береді. Мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген орта мерзімді жоспарлау бойынша кем дегенде төрт сабақты өткізуді жоспарға енгіздім. Ұсынылып отырған қысқа мерзімді жоспар осынау жоспарлаудың бірі болып табылады. Сабақты өткізбес бұрын орыс тілінде білім алатын сынып оқушыларының қазақ тілінде ашылып сөйлеуінде кедергілер болатынын және коммуникативтік дағдыларының әлі де жеткілікті дамымағанын ескеріп, «Сабақты жоспарлағанда қандай өзгерістер енгізуге болады?» деген сұрақ қоюмен болдым. Ең алдымен, жұмыстың топтық түрін жүзеге асыруды жоспарладым. Себебі сол – оқытудың осындай түрі арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын белсендендіреді. Оның үстіне С деңгейіндегі талантты және дарынды оқушылар өз кезегінде В, А деңгейіндегі сыныптастарына пән бойынша тақырыптық білімді меңгеруіне көмек-қолғабыс көрсетеді. Жасалған қысқа мерзімді сабақ жоспарында жаңаша оқытуға бағытталған жеті модульдің қажеттілерін қолдануды жоспарға кіргіздім. Айталық, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану сабақ тақырыбын ашуға қажет болады, оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері топтасып жұмыс істейтін оқушылардың диалогтік және қалай оқу керектігін нұсқайтын, бағыттайтын болады, мәтінмен жұмыс жасау үдерісінде қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер өз кезегінде сын тұрғысынан ойлау оқытудың қыр-сырын ашады, жазба жұмыстары кезінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқудың талаптары ескеріледі, ал оқушылар жұмысын нәтижелеуде және оларды ынталандыруда оқу үшін бағалаудың тиімді әдістері, әсіресе кері байланыс кезінде, қолданылады. Айталық, слайдтар мағынаны ашады, топтық жұмыста жазылым, оқылым дағдылары дамиды, өзара диалогке түседі, дарынды және талантты оқушылар айқындалады. Оқушылардың іс-әрекеттесу дағды-қабілеттерінің дамуын қадағалау және сараптау, түзету үшін, тәжірибе кезінде енгізілетін өзгерістерді аңғару мақсатымен бақылауға алынған А, В, С деңгейіндегі оқушылардың жұмысын қадағалай сараптауды жоспарыма енгіздім. Сабаққа негізделген оқу мақсаттарын жүзеге асыруда бағалау критерийлері орындалады. Оның үстіне дескрипторлар жүзеге асырылады. Тілдік дағдыларды орындау мақсатымен оқушылар тақырыптың мазмұнын ашады, мәтіннің негізгі ойын айтады, тірек сөздерді табады. Нәтижесінде, жеті модульдің қажеттісін сабақта ықпалдастырған мұғалімнің өз кезегінде оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық дағды-қабілеті айқындалады. Әдістемелік бірлестік аясындағы коучинг-сабақ үдерісінде қарастырылатын әрі қажеттілік ретінде анықталған тақырыптың түйінді идеялары мәнмәтінінде өткізуді әріптестердің қажеттілігіне сәйкес оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу керектігінен жоспарға енгіздім. Ашып айтқанда, жаңартылған білім беру бағытында оқу үшін бағалаудың ішіндегі кері байланыста қолданылатын әдіс-тәсілдері оқушылардың сабақ үдерісіндегі бағалау критерийлерін анықтауда ерекше орын алады. Әріптестер қалыптастырушы бағалаудың осы түрін қарастыруды жөн санады. Өзімнің «Оқу үшін бағалау тәсілдерін дамыту» тақырыбындағы коучингтік жоспарымды бірінші аудиторлық кезеңде жоспарладым да А есебінде негіздемеледім. Әріптестердің тәжірибесіне өзгерістерді енгізбес бұрын коучинг-сессиядағы қажеттілікті анықтау мақсатымен «Тоғыз алмас» тәсілімен мәліметтер жинадым. Соның нәтижесінде негізгі тақырып қажеттілік ретінде анықталды. А есебіндегі ақпаратқа сүйене отырып, «Дөңгелек үстел» тәсілімен коучинг-сессия үдерісінде «Оқу үшін бағалау» және «Оқуды бағалау» арасындағы айырмашылықты сын тұрғысынан ойлау арқылы талдаймын. Аталмыш тапсырманы әріптестер екі топқа бөлініп, серіктестік орта құрғыза, орындайды да, артынша талқылайды. Зерттеушілікпен айналыса отырып, шағын жоба жұмыстарын постер түріндегі флипчартқа түсіреді, ортаға шығып қорғайды. Талдау-талқылау кезінде қатысушылар пікірталасқа және кумулятивтік әңгімеге жүгінеді. Ұсынылған мәтін мазмұнының түсіну дәрежесін анықтау мақсатында жекелеген тапсырмалар орындайды. Коучинг-сессияны өткізуге дайындық үдерісінде мынадай мақсаттарды анықтап алдым:
Сарамандық тәжірибені беруден бұрын педагогикалық әрекеттің қандай да бір аспектісін әріптестердің тереңірек түсінуі коучингтің міндеті болады. Мектеп кеңесіндегі әдістемелік бірлестіктерді коучинг түрінде мектепте ұйымдастыру және өткізу енгізілетін өзгерістердің бірден-бірі болады. Осынау коучинг-сессияда қажеттілік ретінде анықталған тақырыптарды талқылауды, кәсіби мәселелерді және ынтымақтастық сұрақтарын шешуді белсенді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Зерделесек, мектептегі әдістемелік жұмыстың міндеттерін жаңаша, өнімді түрде шешуге жол ашылады. Әлбетте, «ментор» немесе «тәлімгер» ұғымдары педагогтар үшін әлі де үйреншікті қалыпқа түспей келе жатқаны жасырын емес. Ментор ретінде жұмыс жасау «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде мүмкін болуда. Әдістемелік көмек алуға ықылас танытқан әріптесіме оқытудағы жаңа әдістерді қолдану қажеттігін түсіндіру әрі жүзеге асыруды жоспарға енгіздім. Алғашқы аудиторлық кезеңдегі А есебінде негіздемелеген тәлімгерлік жоспарды «Мектептегі тәжірибеде» жүзеге асыруды қолға алдым. Ықылас танытқан әріптеспен өткізілетін тәлімгерлік өз бойына барлық жұмысқа жүйелік қолдау көрсетуді жинап отыр. Оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігін анықтап отыр. Тәліп-әріптес жеті модульді мәнмәтін негізінде топтық жұмысты қолдану арқылы өз оқыту тәжірибесіне айтарлықтай өзгерістерді енгізуді мықтап қолға алады. А есебіндегі тәлімгерлік жоспарымен салыстырғанда тек өткізу мерзімдері бойынша ғана өзгерістер кіргізілді, өйткені тәліп-әріптеспен жүргізілетін жұмыстар тоқсанның соңымен тұспа-тұс келіп қалды. Топтық жұмысқа екпін жасаған тәліп-әріптес жаңа үлгідегі сабақтарын және басқа іс-әрекеттерді жаңа тоқсанның басында біріге-ынтымақтаса жүзеге асыруды өтінді. Ықылас танытқан тәліп-әріптеспен жұмысты сәйкесінше жүргізу қажеттілігінен тәлімгерлік үдерісті жүзеге асыру үдерісінде тәжірибе кезінде оның сабақтарына қатысуды жоспарға енгіздім. Қадағалау мен байқау жасауды орындаймын. Қатысатын сабақтарды, алдымен, тәліп-әріптеспен бірігіп әрі жеті модульді қажетіне қарай тиімді ықпалдастырып әзірлеп отырмын. Оның үстіне аталмыш сабақтарда мұғалім мен оқушылар арасындағы бірлескен жұмысты, өзара қарым-қатынастың деңгейін байқаймын. Өз сабақтарында тәліп-әріптес оқытудың ұтымды әдістері мен түрлерін қаншалықты дәрежеде қолданатынын сараптаймын. Сонымен бірге болашақта өткізілетін бірлескен жұмыстарды, жүргізілетін сабақтарды сапалы өткізуді, өзара қатысуды тәліп-әріптеспен талқылап отырмыз. Онда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқуды, әр топта дарынды және талантты балалардың болуын, А,В,С деңгейіндегі оқушыларға тапсырмаларды іріктеуді және т.с.с. басты назарда ұстаудамыз. Ықылас танытқан тәліп-әріптеске жеті модуль ықпалдасқан әрі топтық жұмыс көзделген өз сабақтарыма қатысуды, көруді ұсындым. Осынау әрекеттестік оның сабақтарында жаңа технологияларды тиімді қолдануға мейілінше мүмкіндік беретін болады. Бағдарламаның түйінді идеялары мәнмәтінінде оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізіледі. | |
|
Всего комментариев: 0 | |