13:28
Мектептегі дәстүр

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Елу жылдық тарихтың үстіне шығып отырған һәм өзіндік даму-қарыштау даңғылы бар Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде күмбірлей соғылған соңғы қоңырау 46-түлектер жүрегінде мәңгіге орын тепті. Осыдан соң бес түлек үшін он бір жылға созылған қайталанбас әрі қызықты дода-бәйгенің мәресі қол жеткізді.

Осынау салтанатты шарада оқу мекемесінің бір жылда атқарылған оқу-тәрбие үдерісіндегі жетістіктер жан-жақты пысықталды. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымы тарапынан республикалық, аймақтық һәм аудандық деңгейде жеңімпазды-жүлделі биіктерді бағындырған мұғалімдер, техникалық персонал қызметкерлерді Мадақтама грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталса, мектеп түлектері де Дипломдарға ие болды. Сонымен қатар түлектерді және басқа да сыныптар оқушыларын, ұстаздарды құттықтаған ауыл әкімі Балтабаев Е.Н., ардагер ұстаз Ақатаев Д.А. жүрекжарды тілектерін айтудан аянып қалмады.

Бірінші және онынша сынып оқушылары да 46-түлектерге сәт-сапар тіледі. Ал 11-сынып жетекшісі әрі жас маман Молдабаева Н.С. өз шәкірттеріне ақ жол тілеген сәтте қимастықпен көз жасына ерік те берді. Түлектердің ата-аналары да толғаныс-тебіреніс сезімін кешті. Ал мектеп бітіруші бес оқушы өздеріне он бір жыл бойы ілім-білім һәм тәлім-тәрбие берген ұстаздарына алғыс айтып, ән мен биден арнау-шашу шашты. Соңғы қоңырауды 11-сынып түлегі Жампейсов Әділ мен 1-сынып бүлдіршіні Рыбалевская Алина сыңғырлатты.

Асылында, күмбірлей соғылған соңғы қоңырау сыңғырымен тағы да бір оқу жылы тәмамдалды.

Просмотров: 1079 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: