13:24 Мектептегі дәстүр | |
БАЛДЫРҒАНЫН – БАЛ БҰЛАҒЫМ 21 мамырда мектепалды даярлық тобының есептік шарасы мәжіліс залында салтанатты түрде өткізілді. Он екі тәрбиеші бір жыл бойы тәрбиеші Байғожина Гүлім Төлегенқызының қол астында әрі тәрбиеленді, әрі білімнің нәрімен сусындады. Екі топқа бөлінген тәрбиешілер қазақ және орыс тілдерінде дамыды. Есептік шарада сахна төріне шыққан балдай тәтті тілдеріне ерік берген бүлдіршіндер жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтты. Сонымен бірге ән шырқауда да, би билеуде де көрермендерді әрі көңілдендірді, әрі тамсандырды. Әсіресе Мұратұлы Мерейді айырықша атап өткеніміз абзал. Шара шымылдығы түрілер шақта әрбір мектепалды топтардың тәрбиеленушілеріне естелік Диплом табыс етілді. | |
|
Всего комментариев: 0 | |