өткен аптаның бейсенбісінде аудан орталығындағы орта мектепте және Интернет арқылы қашықтық түрде ұйымдастырылды. Дәстүрлі жолмен өткен аудандық олимпиадаға біздің мектептен Оспанова М.Ж., Байханова Л.А. (тарих), Құсманова Б.М. (орыс мектептеріндегі қазақ тілі), Баева Ф.Т. (ағылшын тілі), Қадырханова Г.Н., Омарова Н.С. (бастауыш сыныптар) қатысса, қашықтық сипаттағы олимпиадаға қатысуға Берден Ш., Минекеева С.Е. (физика), Сейсембеков С.Н. (биология), Елеусізова Н.М. (география) тіркеліп, өтініш білдірді. Дәстүрлі олимпиадаға әділқазылық жасауға Шакиров Е.А. (тарих), Түсіпова С.Н. (орыс тілі), Қапанова Г.Ж. (ағылшын тілі), Қабдуова К.Қ. (орыс мектептеріндегі қазақ тілі) бекітілді.
Нәтижесінде, аудан орталығындағы мұғалімдер олимпиадасынан тек қана Оспанова М.Ж. жүлделі екінші орынды қанжығасына байлап келді. Өткен жылмен салыстырғанда, биылғы көрсеткіштеріміз құмға сіңген құр тамшыдай. Ал қашықтық олимпиадада қатысуға өтініш білдірген мұғалімдер ішінен Сейсембеков С.Н., Елеусізова Н.М. жұмыстарын ғана жібере алдық. Нәтижесі әзірге белгісіз. Жауыр болған компьютерлік базаның тым ескіруі кесірінен Берден Ш. жұмысын жөнелте алмадық. Дегенмен былтыр өткен қашықтық олимпиадаға қарағанда, қатысу жағынан әлдеқандай ілгерілеу болғаны қуантты.
|