00:04
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері

581. Қараусыз қалған мұсылмандардың отбасына күндіз-түні әрқилы жәрдем көрсетіп, қол ұшын берген адамның күнәсін Алла кешіреді.

582. Кімде-кім біреудің бірер айыбын тауып, оған күлсе, осының қорлығын өз басына келмейінше түсінбейді.

583. Кім қиянатшы болса, сол мұсылман емес.

584. Кімде-кім көзі соқыр адамды қырық қадам жерге дейін жетелеген болса, оған жәннаттың есігі ашылады.

585. Кімде-кім өзімен-өзі болып, бейбіт өмір сүріп жатқан ғайыр дінді (исламнан басқа діндегі) біреуді өлтірсе, ол жәннаттың иісін де иіскей алмайды. Ал жәннат иісі қырық жылдық қашықтықтан да сезіліп тұрады.

586. Кімде-кім мұсылман мемлекетінде тұратны басқа діндегі адамдарды қорласа, ол қиямет күні оттан өрілген қамшымен соғылады.

587. Кімде-кім ері сапарға кеткен әйелмен зина жасаса, қияметте оны жылан шағып, азаптайды.

588. Бұл дүниеде екіжүзділікпен өмір сүрген адамның қияметте оттан жасалған екі тілі болады.

589. Кім шаш қойса, ол шашын құрметтеп, тазалап қарап, күтіп ұстасын!

590. Кімнің кішкентай сәбиі болса, оған сәбише қылық көрсетіп еркелетсін!

591. Кімнің иманы Аллаға және ақиретке адал болса, көршісіне жақсылық жасасын, мейманға ізет-құрмет көрсетсін, пайдалы сөздерді ғана сөйлесін немесе мүлдем үндемесін.

592. Кімнің Аллаға және ақиретке иман-сенімі болса, бірде-бір мұсылманның көңілін қалдырып, қорқыныш ұялатпасын!

593. Көрген-білгені туралы куәлік беруден бас тарту – жалған куәлік жасаумен бірдей.

594. Кім менің атымнан жалған Хадис шығарып таратса, тозақтың ең ыстық жерінен өзіне орын таңдай берсін!

595. Біреуді жақсы жолға бастаған адамға және сол жолға түскен адамға ерекше сауап жазылып тұрады.

596. Кімде-кім басына қайғы түскен адамның халін сұрап, көңіл айтса, сол қайғылы адамға жазылатын сауаптың мөлшеріндей сауапқа ие болады.

597. Кімде-кім атақ шығару үшін жасанып киім кисе, ол сол киімін шешкенге дейін Алланың рақымынан алыс болады.

598. Кімде-кім құмар ойнаса, Алла және оның Расулы алдында күнәқар болады.

599. Кімде-кім адамдармен қатынаста қайырымсыз болса, ол Алла алдында да сондай қайырымсыз.

600. Залымның ниетін біле тұрып, оған жәрдем беру үшін бірге жүрген адам – Ислам дінінен шығып қалады.

601. Кімде-кім біреуге пұл қарыз берсе немесе сыйласа, әйтпесе адасқан адамға жол көрсетсе – бір құлды азат еткенмен барабар сауапқа ие болады.

602. Кімде-кім үш қыз өсіріп, тәрбиелеп, бой жеткізіп, құтты орнына қондырса, оның орны – жәннат.

603. Үйленуге жарамды, мүмкіндігі бола тұрып, үйленбеген адам – Ислам дінінде емес.

604. Кімде-кім бір момын мұсылманды осы дүниедегі қиыншылығынан құтқарса, Алла оны ақиреттегі қиыншылығынан құтқарады. Кімде-кім халі нашар адамға жәрдем берсе, Алла оған екі дүниеде жәрдем береді. Кімде-кім бір момын мұсылманның айыбын жапса, Алла оның екі дүниедегі айыбын жабады. Пенде біреуге жәрдемдесу үшін әрекет қылса, Алла да оған жәрдемдеседі.

605. Досымен бір жыл бойы араздасып жүру – оның қанын төгумен бірдей.

606. Кімде-кім басқаларға рақым-шапағат жасамаса, оған да ешкім рақым-шапағат жасамайды.

607. Рақымсызға рақым жасалмайды; кешірімсізге кешірім етілмейді және біреудің өтінішін қабылдамағаннның тәубасы қабыл болмайды.

608. Кімде-кім адамдар алдында ізет сақтамаса, ол Алладан да ұялмайды.

609. Қайсыбір пендеге Алла жақсылық жасап, оны дін және шариғат ілімдеріне жетік етіп қояды. Оған дұрыс жолды сілтеп тұрады.

610. Кімде-кім біреуге жамандық жасаса, бұл дүниенің өзінде-ақ жазасын тартады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 453 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: