22:04 Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері | |
521. Қайғы түскенде сабыр сақтаушы, берілген несібесіне қанағат етуші, біреулердің қылмысын кешіре алатын, өзі біреуге зұлымдық жасап, тәубеге келетін адам – бейбіт, тыныш өмір сүреді. 522. Кімде-кім бір ұлтты ділінде сүйсе, қияметте Алла оны сол ұлттың сапында тірілетеді. 523. Кімде-кім әкесі қайтыс болғаннан кейін оған жақсылық істегісі келсе, оның ең жақын достарынан қол үзбесін. 524. Кімде-кім мұсылмандардан пайда табу үшін үйінде артық астық сақтаса, ол қателеседі және Алла мен оның пайғамбарына берген сертін бұзғандық болып есептеледі. 525. Кімде-кім жас кезінде атыс ойынын жақсы игеріп, оны кейін тастап кеткен болса, ең ұлы игілігін өз қолынан бергендігімен бірдей. 526. Кімде-кім өтеу ниетімен адамдардан қарыз алса, оған Алланың өзі жәрдем береді. Егер жеп кету ниетімен қарыз алған болса, Алла оның дүниесінің берекесін кетіреді. 527. Кімде-кім біреуді нақақ күйдіріп, бір нәрсесін тартып алу үшін дау шығарса, ондай адам мұсылман емес, ол тозақтан өзіне орын таңдай берсін! 528. Кімде-кім дұғам қабыл болсын, басымнан қам-қайғым арылсын десе, кембағалдардың халін біліп тұрсын. 529. Кімде-кім сендерден Алла атып атап пана сұраса, соған пана болыңдар. Алла атынан бірер нәрсе сұраса, беріңдер, құрметтеп дастарқанға шақырса, барыңдар. Сендерге біреу қайыр-садақа берсе, сендер оған сол мөлшерде қайтарыңдар. Қайтаруға шамаң келмесе, қайыр-садақасы үшін дұға жаса. 530. Егер біз біреуді бірер қызметке сайлап қойсақ, ол сол қызметінен несібе тауып жеп тұрып, тиісті мөлшерде артық алып қойса, онысы қиянат болады. 531. Егер біз біреуді ықпалды қызметке қойғаннан кейін мөлшерден артық титтей нәрсенің өзін жасырып пайдаланбақшы болса, қиямет күні сол алған нәрсесі үшін қиянатшы ретінде танылады. 532. Әлдекім ұрлық екенін біле тұрып бір нәрсені сатып алса, ол сол ұрлықтың күнәсына ортақ болады. 533. Әлдекім бір мұсылман досының ұнататын тағамын дайындап берсе, Алла мұндай адамды тозақтан қорғайды. 534. Әлдекім кедейлікке ұшыраған баласын құтқару үшін адамдардан медет сұраса, әлбетте, оны екі жолдың бірімен: не ажалын тездетіп, не шынында да байытып құтқаруға болады. 535. Біреудің үйіне рұқсатсыз есік-тесігінен сығалаған адамның көзін ойып алса болады. 536. Әлдекім біреудің жазған не келген хатын оқуға ұмтылса, тозаққа ұмтылғанмен бірдей. 537. Кімде-кім нақақ қастандық жасап, не кек алуға әрекеттенген адамға көмектессе, ол осы ісіне тәуба жасағанға дейін Алланың қаһарында болады. 538. Кімде-кім біреудің ақысын нақақ жегісі келген залымға көмектессе, ол Аллаға және пайғамбарға берген адал сертін бұзған болады. 539. Досының шешімін қабылдамаған адамның күнәсы өсімқордың күнәсымен бірдей. 540. Кімде-кім құлы мен күңінің көптігіне мақсатнса, Алла оны азап тартуға үкім етеді. 541. Бір мұсылманды өсектегенде оның абыройын қорғаудың мүмкіндігі бола тұрып, олай істемесе, Алла сол мүмкіндігі бола тұрып қорғамаған адамды екі дүниеде бірдей қор етеді. 542. Білімі жетпейтін нәрсеге пәтуа айтқан адам – оны істегендердің күнәсын арқалайды. Кімде-кім ақиқатты біліп тұрып, теріс кеңес берсе, қиянат жасаған болып есептеледі. 543. Кімде-кім қылмысына өкініп, кешірім сұраған адамға кешірім жасаса, оның қателіктерін де Алла қияметте кешіреді. 544. Кімде-кім біреудің жерін зорлықпен иеленіп алса, қиямет күні Алланың қаһарына душар болады. 545. Кімде-кім біреудің мал-мүлкін зорлықпен тартып алса, ол ислам дінінен шығады. 546. Біреуге берген қарызын қайтарып беруге белгіленген мерзімді ұзартқан кісіге әр күні сол қарыздың мөлшеріндей садақаның сауабы жазылып тұрады. Белгіленген уақыт біткеннен кейін, тағы да артық садақаның сауабы жазылады. 547. Адал кәсіппен айналысып, содан шаршап ұйықтаған адам күнәлары кешірілген халде түнейді. 548. Тамақтан соң қолын жумай ұйықтаған адамға кесел жабысса, өзінен көрсін. 549. Қора-жайын сатқан адам – сол бағасына тағы да қора-жай алмаса, артық тапқан пайдасының берекесі болмайды. 550. Малының айыбын айтпай, жасырып сатқан адамға Алланың қаһары, періштелердің лағнаты жауып тұрады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |