09:00 Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері | |
147. Кісі ақысын жеуге құмар адамдардың о дүниеде тозаққа баратынына сеніңдер! 148. Адамдар арасындағы талас-тартысты әділ, адал пікір айтып, тура шешкен адам жақсы адам. 149. Ізет-құрмет – әрбір адамның биік тұтар мұраты, оны әкеңдей ардақтауың керек. 150. Сенде Аллаға, оның растығына лайық, сүйікті екі қасиет бар: кішіпейілділік пен салмақтылық. 151. Ақы (қарыз) иесі сөйлеуге хақылы. 152. Әр нәрсенің шегі бар. Бақытты кезінде өзін дұрыс ұстай алған адам – одан да бақытты болуы ықтимал. Бірақ атаққұмарлық пен менмендікке салынса, оны шын мәніндегі жақсыға қоспаңдар. 153. Жер бетіндегі ғұлама данышпандар аспандағы жұлдызға қарап жол табуға болады. Жұлдыздар көрінбесе жолаушылар адасуы мүмкін. 154. Бергенін қайтарып алу – ит шайнаған нәрсені ештеңе болмағандай жей берумен бірдей. 155. Сөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар. 156. Мағынасын терең түсінбесе де Құранды жатқа білген қарияларды, ақ шашты қарт адамдарды және әділ патшаны құрметтеу – Алланың ұлылығын мойындаумен бірдей. 157. Көрмеген түсті көргендей етіп ай»тып беру – өтіріктің ең соры. 158. Бұрынғы пайғамбарлардан қалған сөз: «Ұялмасаң, қалаған ісіңді істей бер!» 159. Мұсылманның өлімінен кейін (оның пайдасына) жататын істер: таратқан ілімі, қабілетті перзенті, мұраға қалдырған Құран кітабы, салдырған мешіті, қонақ үйі, шығарған суы, сауында берген қайыр-садақасы. 160. Өсімқорлықтан да ауыр күнә – нақақтан-нақақ мұсылманның абыройын төгу. 161. Сендер мол дүниелеріңмен адамдарды риза ете алмайсыңдар, керісінше: ашық қабақ, жақсы мінездеріңмен сыйлатуларың мүмкін. 162. Үш нәрсе бақытсыздыққа душар етеді: жаман ат, жаман қатын, жаман көрші. 163. Тек қайырлы, сауапты істер тапсырылса ғана орындау керек. 164. Еркектер әйелдерге өзінің туған әпкесі немесе қарындасы сияқты қарап, қарйм-қатынас жасауы керек. 165. Мен де өздеріңдей азаматпын: жорамалмен айтылған сөз дұрыс та, бұрыс та болуы мүмкін. Бірақ сендерге Алла айтқан деп бірер хабар жеткізсем, ешқашан Алла атынан жалған сөйлеген болмаймын. 166. Сендерден бұрынғы өткен туыстар не үшіг құртылды? Өйткені олар құрметті адамдар ұрлық жасаса – кешіргендер; ал кем, ғаріп жағдайдағы адамадрды жазалағандар. 167. Екі кісінің бірге отырып сұхбаттасқандағы сөздері де – аманат. Сұхбаттасқан кісілер Алланың аманатынан тарайды. Сұхбаттың сырын паш етуге тыйым салынған. 168. Мен барлық жақсы мінездерді қабылдау үшін жіберілгенмін. 169. Көңілдің үнемі өзгеріп тұруы – парасатқа қатысты. 170. Жақсы адаммен бірге болу – мускус (бірқатар жануарлардың ұрық безінен шығатын иісі күшті зат) қоймасында отырғандай. Жаман адаммен бірге болсаң – теміршінің балғасының қасында отырғандайсың. Мускусі бар кісіден хош иіс тарайды. Одан сенің жаның ләззат алады. Ал балғадан үстіңе от шашырайды, киіміңді күйдіреді, ең болмағанда мұрныңа жаман иіс келеді. 171. Мен лағынет айту үшін емес, керісінше рақмет жасау үшін жіберілгенмін. 172. Мен де әзілдеймін, бірақ шындықты айтамын. 173. Мен адамдардың азғырушысы емес, ақылшысы болуға жіберілгенмін. 174. Екі түрлі адамның: жетім мен жесірдің ақысын жеу харам. 175. Әмірліктің (патшалықтың) не екенін айтайын: біріншіден, жұртты кінәлау, екіншіден, өкіну, опық жеу, үшіншіден. Қиямет күнінің азабына қалу. Әділ патшалар бұдан құтылады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |