- Алла сергектікті ұнатады, есінегенді жек көреді.
- Алла өз пенделерінің ішіндегі қайраттыларын ұнатады.
- Алла айтады екен: егер екі одақ бір-біріне қиянат жасамаса, мен солардың үшіншісімін. Егер бір-біріне қиянат жасаса, олардың ортасынан шығып кетемін.
- Алла қиямет күні айтады: «Ей, адам баласы! Ауру болдым, маған келіп көңілімді сұрамадың». Адам айтады: «Уа, Раббым! Сен бүкіл әлемнің пәруәрдігері болсаң, менің қалай көруім мүмкін еді?» Алла айтады: «Пәленше деген адамға ауырып жатқан кезінде барып көңілін сұрамадың, егер барғаныңда оның қасынан мені көрген болар едің. Ей, адам баласы! Өзің тамақтандың, бірақ мені жоқтамадың». Адам айтады: «Уа, Раббым! Сен бүкіл әлемнің патшасы болсаң, мен сені қалай тамақтандыруым мүмкін?» Алла айтады: «Пәлен пендем мұқтаж болып алдыңа барғанда, сен оның қажетін өтемедің. Егер соның мұқтажын өтегеніңде, сол жерден мені тапқан болар едің».
- Алла аталарыңның атынан ант ішулеріңе қарсы.
- Алла әйелдермен қарым-қатынаста болуды мәслихат етеді, өйткені олар: аналарың, қыздарың, әжелерің, әпкелерің, қарындастарың. Басқа діндегілердің ешқайсысы қандай олақ әйелге үйленсе де ажырасып кетпейді.
- Қашанда әкім адамдар арасында күдік туса, олар сөзсіз бұзылады.
- Қашанда ері әйеліне, әйелі өз еріне жәрдемдессе, Алла оларға рақыммен қарайды. Егер алақанын алақанына қойса, саусақтарының арасынан күнәлары төгіледі.
- Сиқыршылық, тұмар тағу, дуалау – Аллаға шәк келтіргендік болады.
- Сабырлылық – қайғылы кезеңнің алғашқы сәтінде танылады.
- Бақытты адам дегеніміз – қастандықтан қашық жүретін, қайғы-қасіретке тап болғанда сабыр сақтай білетін кісі.
- Сөздің жаманы – өтірікшілік, жалған әзіл мен шикі пікір. Әкесі өз балаларына бір нәрсе туралы уәде беріп, кейін оны орындамай қоймасын. Шыншылдыө ізгілікке бастайды, ізгілік – жәннатқа бастайды. Шыншыл адамға – жақсы баға, өтірікші адамға – жаман баға беріледі. Шыншыл адам түбінде Тәңір құзырына адам (сөзіне адал) деп жазылып қойылады. Өтірікші де түбінде Тәңір құзырына кәззап (өтірікші, суайт) деп жазылып қойылады. Шағымшылдық (арызқойлық) та жаман әдет, өйткені ол адамдар арасын бұзады.
- Бұзық қылық, бұзақы сөз – исламда жоқ нәрселер. Діндарлықтың абзалдығы – мінез-құлқыңның жақсылығы.
- Діндар адамдар өзінің жақсы пейілімен түнді ұйқысыз ғибадат етіп, күндіз ораза ұстап өткізер болар.
- Әйел, әдетте, арлы яки бай жандүниесі, жақұттай жарқыраған нұрлы жүзі үшін некеленеді. Ал сен арлысын таңда, сонда ғана берекең кіреді.
- Адамдардың мынадай үш тобына ғана тілмаштық жасауға рұқсат етіледі: құн төлеушіге; ауыр қарыздарға; момын кембағалға.
- Өлім – аса ауыр оқиға. Қашанда табытты көрген кезде, дереу құрмет көрсетіп, орындарыңнан тұрыңдар!
- Бір мұсылман ауырып жатқан мұсылман досының көңілін сұрауға барса, оның басып барған жолы жәннат бағын аралағанмен бірдей болады.
- Үмбеттерім, ешқашан зиянды іске бармаңдар! Қашанда адамдар ортасындағы қайшылықты сезсеңдер, көпшілік жағына шығыңдар.
- Иманды адам уәдесіне опалы болады.
- Мұсылмандар, біріңе-бірің ауырған кезде көмектесулерің керек. Басың ауырса, бүкіл тұла бойыңның ауырғаны.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|