- Барына шүкіршілік ететін адамдар – Аллаға да шүкіршілік жасайды.
- Ақымақтан қашық жүр.
- Бес түрлі қасиетке ие адамдардың пейішке баратынына кепілдік беремін: мұраларын бөліскен кезде бір-біріне қиянат жасап, зұлымдыққа бармайтындар; өзгелерді де өзіндей көріп, ынсап қылғандар; дұшпанға қарсы соғыста құрбан болғандар; олжа бөліскенде қиянат жасамағандар; залымдардан қорлық көріп, қанаушылардың ақысын өндіріп бергендер.
- Адамдарға тағам жегізіп, шырындай тәтті сөз сөйлеңдер.
- Аштарға ауқат беріңдер, аурулардың көңілін сұраңдар, қыжалат адамдарды қиыншылығынан құтқарыңдар.
- Тіпті Қытайдан болса да білім алуға ұмтыл, өйткені білім алуға әрекеттену – әрбір діндардың парызы.
- Кәсіптің ең жақсысы – әркімнің өз қолымен істелген ісі және адал сауда.
- Ұйықтаудан бұрын қақпаларды бекітіп, су және азық-түлік ыдыстарының бетін жауып, содан соң шамды сөндіру керек. Жабатын нәрсе табылмаса, ыдыстардың үстіне бір тал таза шөп тастаңдар.
- Жақсылықты – қабағы ашық, жүзі жарқын адамдардан күтіңдер.
- Кездескенде кім бұрын сәлем берсе, Аллаға сол адам бойұсынғыш.
- Жерді атына қарап, адамды досына қарап тануға болады.
- Ата тегіңді, туыс-туғандарыңды жақсы танып біл. Өйткені өзара қатынас жасауың үшін қажет болады. Егер қарым-қатынасың үзілсе, жақын туғаныңның да ешқандай пайдасы тимейді. Жырақ тұрғаныңмен бір-біріңмен тату қарым-қатынаста болсаң, алыстықтың зияны жоқ.
- Әйелдің берекелісі – шығынға жұмсайтын қаржыны азырақ талап ететіні.
- Адамдардың ішінде әйелге қарағанда әділірегі – оның ері. Ерлерге қарағанда әділірегі – оның анасы.
- Бес нәрсені: өлімнен бұрынғы тіршілігіңді; аурудан бұрынғы саулығыңды; тұтқындалудан бұрынғы еркін өміріңді; кәріліктен бұрынғы жастық шағыңды; кедейліктен бұрынғы бай, бардам кезіңді олжа деп есепте.
- Бірің мен бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғаа араларында мейірбан махаббат оянады.
- Сәлемдесіп жүріңдер, адамдарға дәм татқызыңдар, Алла сүйген дос, туыс болыңдар.
- Аллаға иман келтрігеннен кейінгі істің ең абзалы – адамдармен достасу.
- Иманның абзалы – сабырлылық пен кеңпейілділік.
- Садақаның абзалы – сау кезінде, сараңдық жасап өмір сүруден және кедейленуден қорқып жасалған садақа. Садақаны кешіктірмей беріңіздер. Жаның алқымға тығылғанда малымның мұншасы анаған, оншасы мынаған дегеніңнің пайдасы жоқ. Өйткені ол кезде сен айтпасаң да малың басқанікі болады.
- Садақаның абзалы – жетерлік байлығы болғанда берілген садақа. Төмендегі алушы құлдан жоғарыдағы беруші құл жақсы. Қайыр-садақаны өз айналаңа беруден баста.
- Садақаның абзалы – шөліркеген адамға су беру.
- Садақаның абзалы – діндар кісі ілім үйреніп, оны ақысыз-пұлсыз өз достарына да үйрету.
- Діндарлардың абзалы – мінез-құлқы жақсылар.
- Кім ақылды болса – сол бақытты.
- Құран оқып, бата қылыңдар. Одан қашпаңдар. Бірақ оған терең мағына беремін деп, әсерлеп жібермеңдер. Осыны тіршілік етудің құралына айналдырып, дүние табудың көзі етпеу керек.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|