- Егер сөйлем отырған адам жан-жағына қарағыштай берсе, бұл тек өзіне айтылған аманат* (бұл жерде: айтушы құпияны ашып отыр деген мағынада).
- Қайсыбіріңізге Раббым бір кәсіп арқылы ризық бермек болса, сол кәсібіңнің өзі өзгермейінше тастама.
- Сауабы тиетін іс істегенде қуаң, күнә жасаған кезде ренжі, сен сонда ғана шын мұсылмансың.
- Бірер кісіден: «Адамдар бұзылып кетті», - деген сөзді естісең, біліп қой: сол адамның өзі бұзылған.
- Көршілерің сені жақсы адам дейтін болса, жақсысың. Егер олар жаман дейтін болса, демек, жамансың.
- Менен аңыз болып тараған бірер хадисті естігендеріңде: ділдеріңе жақын, денелеріңе әсер ететін және ақылдарыңа сыйымды болса, демек, ол менің айтқан сөзім. Ал естіген хадистерің бұған керісінше болса, демек, ол менің айтқан сөзім емес.
- Бір жерде оба ауруы бар деп естісең, ол жаққа барма. Егер өздерің тұрған жерге оба ауруы тараса, ол жерден қашпаңдар.
- Халықтың ішінен қырық кісі немесе одан да көбірек адам бір іс туралы куә болса, Аллаһ олардың куәлігін қабыл етеді.
- Бір момын екінші бір момынның басына тау құлатса, періштелер сол тауды қайтадан орнына қойғанша лағынет айтып тұрады.
- Қашанда бір күнә жасап қойсаң, соны жуу үшін соңынан бір сауабы бар, қайырымды іс істе.
- Қайсыңды болмасын ашу қыса бастаса, сабыр сақтауларың керек.
- Адамға ашу түрегеп тұрған кезінде келсе, дереу отыра қалсын. Егер ашуы сонда да басылмаса, жатып алсын.
- Қашанда діндарлар ортасын қаскөйлік дерті кеулесе, ағаштан қылыш жасп ал* (қаланың әкіміне айтылған хадис).
- Патшаларың жақсы, байларың қайырымды, жұмыскерлерің ынтымақты, бірлікшіл болса, сендер үшін жердің астынан – үсті абзал. Егер керісінше болса, жердің үстінен – асты абзал.
- Егер үш кісі болсаң, екеуің үшінші адамға естіртпей, сыбырласпаңдар, өйткені бұл қылық оның ренішін оятады.
- Кімде-кім өзінен байырақ немесе ақылдырақ адамды көріп қалса, дереу өзінен кедейірек әрі ақылсыздау адамдардың бар екенін есіне алсын.
- Дүниеден өтіп кеткендердің тек жақсы жақтарын ғана еске алыңдар. Жаман жақтарына келгенде, тілге тыйым салыңдар.
- Адамдардың төрт түрін аллаһ жек көреді: ант ішкіш саудагерді, тәкаппар кембағалды, зинақор кәріні және залым патшаны.
- Тісін жуып, тазалап жүретіндер – тазалыққа дағдыланғандар. Қайталап істелетін дағдылы істерді меңгеріңдер, өйткені мұндай істерді Раббым жақсы көреді.
- Өлмей тұрып, даярлығыңды тексеріп қой.
- Адамдарға жақсылық жасау, туған-туысқандармен жақын байланыс жасап, хал-ахуал сұрасып тұру – сауабы тиетін қайырлы істер. Залымдық және туыс-туғандардан қол үзіп кету – жазасы тез білінетін істер.
- Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар.
- Өзгеге кең пейілді болсаң, олар да саған пейілмен қарайды.
- Тіпті сендерге мейіздей қап-қара эфиопиялық құл басшы болып сайланса да, оны тыңдаңдар,бойұсыныңдар.
- Бұл дүниеде адамдарды қатты азаптайтындарды – Аллаһ қияметте аямай жазалайды.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|