21:26
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері
  1. Адамның айыбын бетіне басудан сақтаныңдар.
  2. Арақтан, ішімдіктен сақтаныңдар, өйткені ол – барлық жамандықтың кілті.
  3. Алла алдындағы ең жақсы сөз – шын сөз.
  4. Алла алдындағы ең қолайлы соғыс – зұлым патшаға айтылған ақиқат.
  5. Алла алдындағы пенделердің ең жақсысы – өз отының басына пайдасы тиетіндер.
  6. Алла алдындағы үйлердің жақсысы – жетімдерді құрмет тұтатын үйлер.
  7. Өзіңе ұнаған нәрселерді басқаларға да лайықты деп біл.
  8. Досыңды соншалықты құлай сүйме, күндердің күнінде дұшпаның болып шығуы мүмкін. Дұшпаныңмен де қатты жауласпа, күндердің күнінде досыңа айналуы мүмкін.
  9. Диқаншылықты кәсіп етіңдер, өйткені ол – берекелі іс. Диқаншылықты қорғайтын сақшыларды көбейтіңдер!
  10. Киімдерің жарасымды болсын, ат-көліктеріңді жарамды ұстаңдар! Салақ, нашар адамдарға үлгі-өнеге көрсетіңдер!
  11. Екі жағың мен екі аяғыңның ортасындағы мүшелерді күнәдан тый!
  12. Өзімнен кейінгі қалатын үмбеттерім үшін үш нәрседен қорқамын:
  • Нәпсіге беріліп, тура жолдан таю;
  • Өзін-өзі жақсы көрушілікке, сезімқұмарлыққа беріліп кету;
  • Ғылымға, білімге ие бола тұрып, білімсіздің ісімен айналысу.
  1. Отан басына төнген бақытсыздықтан кейін де оның (отанның) достарымен байланысыңды үзсең, Алла абыройыңды төгеді.
  2. Әмірдің сауға сұрауы – арамдығы. Қазының пара алуы – діннен шығуы.
  3. Үмбеттерім үшін ең қатты алаңдайтын жайларым: қарын шығарып семіру; ұйқышылдық, жалқаулық және өзінің әлсіздігіне сенімді болу.
  4. Кісінің аманатынан уақытында құтыл. Еңбегіңе (ақыңа) қиянат жасаған адамға – сен қиянат жасама.
  5. Мүмкін болғанынша адамдарды қатал жазаламауға тырысыңдар. Бірақ қатал жазаны мүлде қолданбауға да болмайды.
  6. Жау жағынан әлдекім өз жанына сауға тілеп келсе, оны өлтіруге болмайды.
  7. Әлдебіреулеріңе қазылық тие қалса, ашу үстінде үкім шығармаңдар, арызданып келгендермен тең, бірдей қарым-қатынас жасаңдар.
  8. Күтушің тамақты өз үйінен жасап әкелсе, оның өзіңмен бірге дастарқанға отырғыз. Егер бірге отырмаса, алдымен астан бір-екі асатып жібер.
  9. Бір әулеттің сыйлы адамы болса, оны сендер де сыйлаңдар!
  10. Қажылыққа келген адамды құрметтеңдер!
  11. Кім-кімді дос тұтса, соған пейілің білдіріп қойсын.
  12. Кімді Алла сүйсе, соған адамдардың ісін түсіріп қояды.
  13. Раббым қашанда бір патшаға жақсылық жасағысы келсе, оған адал уәзір береді: ол ұмытқанын дер кезінде есіне салады, есіне алған кезде көмектеседі. Егер Раббым бір патшаға жамандық жасағысы келсе, оған жаман уәзір береді, ол патшаның ұмытқанын дер кезінде есіне салмайды, есіне алса да жәрдемдеспейді.
  14. Ұйқыдан тұрған адам қолын үш рет жумайынша ыдысқа салмасын, өйткені ол қолымен қай жерлерін ұстағанын білмейді.
  15. Бір әйелге үйлену ниетің бола қалса, алдымен оны бір көру теріс емес.
  16. Намаз үстінде имам болуға тура келсе, намаздың қырағатын жеңіл оқы. Өйткені олардың ішінде жас балалар, қарттар, кемтарлар, аурулар және қажеттілік қысып тұрған адамдар болады. Ал өзің жеке отырғанда, қалағаныңша ұзақ оқи бер.
  17. Қашанда қиялыңда бірер күмәнді пікір пайда болса, оны тәрк етпе.
  18. Егер күнә құпия жасалса, иесіне ғана зияны тиеді. Әшкере жасалса, бәріне тиеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 502 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: