21:09
Мұхаммед (с.ғ.с.)пайғамбарымыздың хадистері
  1. Ғылымның өлгені – есте сақталмағандығы, қызықпайтын адамдарға үйретіліп, зая кеткені.
  2. Қыздарды күйеуге беру жөнінде аналарымен ақылдасыңдар.
  3. Монтаны, екі жүзділіктің белгісі үшеу: өтірік айту, уәдеде тұрмау, аманатқа қиянат жасау.
  4. Шақырған жерге ғана бар.
  5. Жәрдем немесе қайыр-садақа беруді ең әуелі өзіңнен баста. Артылғаның болса, отбасыңды жарылқа. Тағы бірденең артылып қалса, ағайын-туыстарыңа бер. Олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
  6. Адал деуге рұқсат етілген нәрселердің ішіндегі Алланың хош көрмейтіні – талақ (некелі әйелін тастау).
  7. Адамдардың арасындағы Аллаға ең сүйкімсіздері – шектен тыс дұшпандық жасаушылар.
  8. Дін бұзарлыққа берілген, дінді теріс пайдаланған адам – сол неитінен әбден қайтып, арылмайынша, Алла оның тәубесін қабыл қылмайды.
  9. Тағамды суытыңқырап ішіңіз, өте ыстық күйінде оның берекесі болмайды.
  10. Қыздан туған бала да (жиен) сол қауымның туысы саналады[i].
  11. Қара нәсілді адамдарды да дос тұтыңдар, өйткені олардың үш ұлық адамы: Лұқман хәкім, Нахоший[ii], эфиопиялық азаншы Біләл[iii]пейіште болады.
  12. Мінез-құлқыңның мінәйім, сыпайы болуын қалаймысың? Қаласаң, жетімдерге мейірімділік жаса, олардың басынан сипа, өзің ішетін тағамыңнан бөліс. Сонда ғана мінезің жұмсарып, мейірбан боласың.
  13. Қой бағыңдар, өйткені береке сонда.
  14. Өсекшілік дегеніміз – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты бұзу мақсатымен, бірінің сөзін екіншісіне жеткізуге құмарлық.
  15. Арам нәрселерден сақтанғын – адамдардың арасындағы инабаттысы боласың. Алланың берген ризығына разы бол – басқалардан гөрі дәулеттірек өмір сүресің. Көршіңе жақсылық жаса – ұйқың тыныш болады. Өзің сүйген нәрсені өзгереге де лайықты деп біл – сау-саламат жүресің. Көп күлме. Көп күлсең, шын сөздің де қадірі кетеді.
  16. Алладан қорық. Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Су сұрап келген адамға ашық қабақ танытып, шелегіне су құйып беріп, ізгілік жаса. Кеуде керіп, қыр көрсетуден сақтан. (Тәкәппарлықпен ыштаныңды ұзын киюден сақтан[iv]). Алла тәкаппарларды жек көреді. Егер біреу сені ғайбаттаса немесе жоқ айыптарды тағып, қорласа – сен сонда да оның бар айыпты бетіне басып, кінәлама, сонда күнәсі – оған, сауабы – саған болады. Ешкімді ғайбаттама!
  17. Алладан қорқыңдар және перзенттеріңнің бәріне бірдей мейірбан болыңдар! (Оларға киім мен тамақты тең бөліңдер).
  18. Екі түрлі адамға Алла қиямет күнінде рақым етпейді: туған-туыстарынан мүлде қол үзіп кеткендерге, жаман көршіге.
  19. Екі кісі – бір кісіден жақсы, үш кісі – екі кісіден жақсы, төрт кісі – үш кісіден жақсы; көпшілікпен бірге болғандарды Алла тура жолға бастайды.
  20. Орасан зор апатқа жолықтыратын жеті түрлі күнәдан сақтаныңдар: Тәңірге шек (шүбә) келтіру; сиқырлықпен шұғылдану; біреуді нақақ өлтіру; өсімқорлық; жетімнің ақысын жеу; Отанын қорғау жолындағы соғыстан қашу; күйеуі бар, діндар, адал әйелдерді бұзылған, жеңіл мінезді деп қорлау.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

[i] Ескі араб елінде қыздан туған баланы (жиенді) туыс деп есептемеген.

[ii] Нахоший – ертедегі эфиопиялық мұсылман патшасы.

[iii] Эфиопиялық Біләл – азат етілген эфиопиялық құл. Мұхаммед пайғамбардың азаншысы болған.

[iv] Сол дәуірде тәкаппарлықтың негізгі белгілерінің бірі – ыштанын қалыптан тыс ұзын кию болған.

Просмотров: 519 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: