16:08
Ұлы Жеңіс ұлағаты

Бес жыл бойы...

Сұм соғысты Жеңіс жеңді ақыры,

Шаршады Жер, көрінді жүдеу тақыры.

Бес жыл бойы ауыр майдан, арпалыс,

Танылып сан баһадүр сыр-қыры.

Адамзат көрмеп еді зор алапат,

Бомба, мина, снаряд һәм жарылғыш зат.

Бес жыл бойы қиын-қыстау, қиналыс,

Жаулап алды Жер-жаһанды танк, автомат.

Фашис біткен жамиһаттың алды мазасын,

Бейбіт халық тартты талай жазасын.

Бес жыл бойы суыт хабар, қара қағаз,

Өлгендердің кім толтырар қазасын?!

Сұм фашизм пәле болып жабысты,

У-зәрімен Бейбітшілікті тауысты.

Бес жыл бойы аждаһадай айбат шекті,

Айуандықтан Гитлердің есі ауысты.

Қан майданға жауынгерлер аттанды,

Алмастырып кешке кешті, таңға таңды.

Бес жыл бойы қару асынды жалықпай,

Үмітімен зор Жеңістің қуаттанды.

Алға қарай атқан оқтай атылды,

Талай мекен қақпан, тозақтан босатылды.

Бес жыл бойы адымдады ілгерілеп,

Мықты майдан ұмытпады берік тылды.

Соғыс жайлы талай кітап оқыдық,

Ақ-қарасын сау санаға тоқыдық.

Бес жыл бойы күркіреген түнекті,

Көрмесек те, бір мезет те ұмытпадық.

 

Жеңістің өлмес туы

Осыдан жетпіс бір жыл бұрын

Алыстағы Алман елінде,

Жауыз фашис жерінде,

Әлемге әйгілі Берлинде,

Бас орда – Рейхстагта,

Дәлірек оның басында,

Желбіреді Жеңістің өлмес туы.

Гитлер-фюрерсұм соғысты бастаған,

Фашизм деп жатпай-тұрмай қақсаған,

Алман елін үгіттеген, даттаған,

Жаһан мәнін улаған да таптаған.

Бәзбіреуге қазып еді түпсіз ор,

Жерге тоймай, қанға тоймай болды қор.

Тоқтатты оны Жеңістің өлмес туы.

Төнді қауіп жаймашуақ маусымда,

Жексенбіде, халық жатқан тылсымда,

Оқ атылды Ұлы шекара тұсында,

Сілкіндіріп аң, орманын, құсын да.

Дүрлікті кеңес елі ойда жоқта,

Сабылды өңкей батыр майдан жаққа.

Шақырды оларды Жеңістің өлмес туы.

Тылда халық көл-көсір зарлап қалды,

Азаматтар жауға қарсы қару алды,

Ерлікпенен фашизмге күшін салды,

Тылдағылар аямады астық, малды.

Хас батырлар көк бөрідей салды ауызды,

Сескендірді, састырды да сұм жауды.

Рухтандырды ерлерді Жеңістің өлмес туы.

Ұлы күштің екпінімен жау қысылды,

Әлі құрып, айбаты да таусылды,

Өңкей батыр найзағайдай жосыды,

От ауызды айдаһар су сепкендей басылды.

Қан майданға жаңа күштер ағылды,

Фашизмге зілдей күнә тағылды.

Басты мысын Жеңістің өлмес туы.

Қирады жермен жексен зәулім қала,

Қан жылады кең жазира, сары дала,

Бомбалардан опырылды әсем аула,

Зарлады, еңіреді жетім қалған үлкен, бала.

Жауыздарға адамзат тақты мәңгі жала –

Концлагерлерде қырылды тұтқындар айнала.

Кешірмеді осыны Жеңістің өлмес туы.

Бітіп соғыс, Бейбітшілік орнады,

Талай ел бұғаудан босап, азат алды,

Қара күндер шежірелі тарихта қалды,

Жаңа өмір қайта түлеп, қуат алды.

Бірте-бірте өткен-кеткен ұмыт болды,

Ұлы Жеңіс мейрамымен орта толды.

Желбіреді Жеңістің өлмес туы.

 

Біз көрмедік соғысты...

Біз көрмедік соғысты болып өткен,

Жан түршігер жаңғырығы алыс кеткен.

Барса келмес сұм соғыстың ақиқаты

Ардагерлер тұлғасымен бізге жеткен.

КСРО-ға жау жабылды тасадан,

Хабар етпей басып өтті шекарадан.

Отан үшін, ел үшін, Жеңіс үшін

Ағылды жауынгерлер қала-даладан.

Төтеп берді долы фашис күшіне,

Сенім артты тегеурінді өз күшіне.

Қан майданда, ұрыстарда асу асып,

Басқыншыларды қуып тықты өз ішіне.

Еділдегі әсем Сталинград қирады,

Мәскеу, Ленинград үлкен көмек сұрады.

Бір адамдай алға қарай бір адымдап,

Жеңіс үшін ұлттар бірлік құрады.

Болды құрбан есіл ерлер ұрыста,

Жер-әуеде, Шығыс пенен Батыста.

Ығыстырып күні-түні жауларын,

Талай ұлт жүрді тату-достықта.

Ерлігімен дараланды хас батырлар,

Тазартылды фашистерден ауыл-қалалар.

Қанша адам құрбан болды сұм соғыста,

Жесір қалды, қалды жетім жас, балалар.

Біз көрмедік соғысты, көрмейік те,

Қан, өлікті майданды сезбейік те.

Жүріп өткен соғысты еске алып,

Күн кешелік бәріміз Бейбітшілікте.

әр жылдары шығарылған антология

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылыі, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

 

Просмотров: 665 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: