02:11
Ұлы Жеңіс ұлағаты

БІЗ КӨРМЕДІК СОҒЫСТЫ...

Біз көрмедік соғысты болып өткен,

Жан түршігер жаңғырығы алыс кеткен.

Барса келмес сұм соғыстың ақиқаты

Ардагерлер тұлғасымен бізге жеткен.

КСРО-ға жау жабылды тасадан,

Хабар етпей басып өтті шекарадан.

Отан үшін, ел үшін, Жеңіс үшін

Ағылды жауынгерлер қала-даладан.

Төтеп берді долы фашис күшіне,

Сенім артты тегеурінді өз күшіне.

Қан майданда, ұрыстарда асу асып,

Басқыншыларды қуып тықты өз ішіне.

Еділдегі әсем Сталинград қирады,

Мәскеу, Ленинград үлкен көмек сұрады.

Бір адамдай алға қарай бір адымдап,

Жеңіс үшін ұлттар бірлік құрады.

Болды құрбан есіл ерлер ұрыста,

Жер-әуеде, Шығыс пенен Батыста.

Ығыстырып күні-түні жауларын,

Талай ұлт жүрді тату-достықта.

Ерлігімен дараланды хас батырлар,

Тазартылды фашистерден ауыл-қалалар.

Қанша адам құрбан болды сұм соғыста,

Жесір қалды, қалды жетім жас, балалар.

Біз көрмедік соғысты, көрмейік те,

Қан, өлікті майданды сезбейік те.

Жүріп өткен соғысты еске алып,

Күн кешелік бәріміз Бейбітшілікте.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай  ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 613 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: