19:27 Ұлы Даланың рухани жауһары | |
Ұ.ДОСПАМБЕТОВ / ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫС Ұзақбай Доспанбетовтің “Қызыл жолбарыс” романы алғаш рет “Жұлдыз” журналында 1995 жылғы 2-ші санында жарияланған. Бұл роман қазақ халқының тарихындағы елеулі оқиғалар мен құбылыстарды арқау еткендігімен құнды. Шығармада белгілі бір кезең, дәуір тағдырын таныта отырып жазушы тарихи-әлеуметтік құбылыстарды, тарихи кезеңнің әлеуметтік даралығы, шығармашылық фантазиямен пішіліп, сәтті жасалған деуге болады. Шығарманың бел ортасында жүретін қазақтың билері, шешендері, ақындары, батырлары нақтылы тізіліп, нанымды баяндалады. Заманның да, қаһармандардың да басындағы қайшылықтар жан-жақты көрініп, әртүрлі жағдайдағы жай-күйлері суреттеледі. “Қызыл жолбарыс” романы бірден жас би Ескелдіге (бес жасында бата алып “Бала би” атанған) Құлсарының өлімін естіртуден басталады. Романның негізгі оқиғалары Іле мен Қаратал өзендерінің Көкше теңізге (бүгінгі Балқаш көлінің бұрынғы атауы) барып тірелетін аралығындағы атақты Сары Есік Атырау құмының Оңтүстіік шығыс жағымен жалғасып жатқан өлкеде өтеді. Бұл Жалайыр елінің біраз аталарына қыстау болған Орта өзектің бір пұшпағы ғана екен. Романда кейіпкерлер көп. Қазақтың белгілі биі Ескелді, Қабан жырау, Сатай батыр, Қодар би, Жолбарыс хан, Дербісәлі, Балпық, Кәсенсары, Малай батыр, Есенбай хан, Дубек, Байбек, Хангелді т.б. “Қызыл жолбарыс” романының жалпы мәнін, ондағы көзге түскен көрнекті тұлғалар мен оқиғалардың құрамына қысқаша тоқталайық. Қарақорымнан кейін қазақ пен қалмақ арасында тыныштық орнамай, қазаққа қалмақтың тіс батырғысы келіп, дайындалып жатқанынан хабар алған билер мен ақсақалдар қалмаққа жіберетін ер төлені (барлаушы) сайлап Дербісәлі баласы Балпықты таңдайды. Жас кезінде Қаз дауысты Қазыбекке ерген Балпық жауды барлап, хабар жеткізуге аттанады. Ташкендегі Жолбарыс ханға Есекбай, Төле биге Есенбайдың аталас інісі Тұрлымбет Бекенұлы аттанады. Қалмақтарға жол – жөнекей Балпық кез болғанда мынадай оқиға болады: - “Біз жетім өскен баламыз. Анау-мынау ұлы сөзді біздің құламызға құйып жатқан ешкім жоқ. Кессеңіз міне, бас. Менің ұлы қонтайшыға да, оның қолбасшы баласына да зәредей жазығым жоқ, - деді Балпық. - Жетімдігіңмен қоса сен ақпақұлақ шығарсың? – деп әлгі әскербасының қасындағы күдікшіл, ақжем ауызды неме тағы шықты. Бұл басына желін қапқа ұқсатып, шеті қайырусыз қозы терісінен жасалған бөріксымақ киген, көздерінде, ақсиған тістерінде адамға сенімсіздік дегенің қасқырдың тісіндей ақсиып тұрған айнымас пәле еді. Басына қан шапқан Балпық басқадан бұрын осының қорлығына шыдай алмастай: - Әттең астымда белі мықты атым, белінде асынған қаруым жоқ, әйтпесе осы қорлық сөзіңіз үшін мен сізді жекпе-жекке шақырар едім. Немесе кел, аттан түсіп, құр қолымен жаяу шайқасамыз. Қайсымыз өлсек құнымыз сұралмасын.”, - деп жігіттің қазақ тыңшысы екенін біліп қоюы нанымды баяндалады. Мұнда оқиғаға қатысушы Балпықтың ойы қалмақ әскерлерінің талабы мен қалауы, бір-біріне қарсы адамдардың сөзі нақты әрі қолма-қол әрекет арқылы іске айналады. Романдағы басты оқиғаның одан әрі дами түсуі үшін, кейіпкерлер характерінің айқындалуы да маңызды мәселенің бірі. “Қап-қара сақалы белдарына түскен шашақ ел тірі бөрікті денелі адам алыстан қабағын ажырайтып, ақбозатты ойната жеткенде кейбіреуге ол енді-енді жаназасы шығарылмауы Құлсарыны жатқан жерінен түрегелтіп алатындай көрінді”, - Қырыққа енді келген, көсем мінезі бар Қабан ақын ел ақсақалы тұғырына ерте қалған адам ретінде көрінеді. Романда толымды шыққан Балпық бейнесін атауға болады. Жазушы Балпықты қалмаққа барлаушы атты жібере отырып халықтың сол кезеңдегі ішкі және сыртқы саясатындағы ойы мен толғамдары, пікірлері арқылы ішкі әлемін тануға көп көңіл бөлген. (жалғасы бар) баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |