20:50 Ұлы Даланың рухани жауһары | |
С.БАҚБЕРГЕНОВ / ҚАРҒА ТАМҒАН ҚАН Майор Матвеев жорық кезінде бір селодан дивизия штабының оперативтік бөліміне бір сары қызды ертіп келген еді. Бидайдың сабағындай алтын түсті қою шашы бар, орыс орманының аясындағы тұнық көлдей көк мөлдір көзді сары қыз Досовқа ұнады. Осы қыз келгеннен бері жігіттер тәуір киініп, күн сайын қырынып, таза жүретін болды. Шура атты бұл қыздың бар жұмысы – машинка басып үйрену. Майор Матвеев “бұл қызды қарындастарыңдай көріңдер” деді жауынгерлерге. Генерал Чернигов келіп жауынгерлерді сілкіп алды. Шураны көрген Чернигов ашуын ұмытып, Шураға киім тіктіруді бұйырды, Досов Шураны мастерскойға әкеліп генералдың бұйрығын айтты. Шура екеуі штабқа қайтты. Шура жол-жөнекей өзінің өмірін айтты. Анасы бомбалау кезінде қайтыс болған, әкесі соғыс басталған күні-ақ майданға кеткен. Бір күні Шураны генерал шақыртты. Жауынгерлер төбеліренінен жай түскендей болды. Шура генералға барып, кешке оралды. Ешкімнің көзіне қарамастан ширмаға кіріп кетті. Прокофьев дивизия штабының бастығына алғы шепке жіберуін өтініп, рапорт жазды. Бұдан кейін оны ешкім көрген жоқ, 19-полкте Бауыржан Момышұлының қарауында жұмыс істеп жүр деп естіді. Дивизия саяси бөлімі мергендердің бір жетілік семинарын өткізді. Оған әр полк, батальон, ротадан ең тәуір деген атқыштар келді. Орман арасындағы кең далада мергендер жарысы өтті. Жауынгерлердің ішінен Нәлқара Сабалақов бәрін таң қалдырды. Жаудың алғы шебіне түнде барып орналаспақ боп, Нәлқара, Алексей, Досов үшеуі түн ортасы ауа алғы шепке жол тартты. Нәлқара мен Досов бірнеше жау солдатының көзін құртты. Алексей Сабалақовты Нәлқара деп атады. Нәлқараны әйелі осылай атайтын еді. Досов өткендегі аяқталмай қалған әңгіменің жалғасын сұрады. Нәлқара әңгімені жалғастырды: Атымды Шалабек жетектеп кетпекші еді. Мен мылтығыммен қорқытқан соң Шалабек кете барды. Кешке Шалабек екі милиция ертіп әкелді. Милицияның алдына түсіп жолға шықтық. Жолда 2 миллицияны желкелерінен ұрып, үйіне мылтығын алуға қайта оралдым. Бір жасқа толмаған ұлымды Шалабек сабап тастапты. Баласы мен әйелін де алып Ожардың басындағы терең сайда жарты ай жаттым. Шалабектен кегімді алмақшы болып, Үшбаста жаттым. Үшінші күні түнде төрт салт атты жортып келеді, бұлардың біреуі – Шалабек. Шалабекті қаңбақша көтеріп, іліп алдым да, өрге тартып, шауып келе жатқан ат үстінен көкпарша лақтырып тастадым. Үшеуі Шалабекке қарай бет алды. Мен қашып кеттім. Әйелім мен баламды ауылға апарып тастадым. Қырғызстанда жүріп кейін соғысқа аттандым. Қуанышым болған бозтарлан сорым болды“. Олар штабқа қайта келді. Саша мен Досов кезекті тапсырмамен жолға аттанды. Коротшаново селосында бір үйге қонып шықты. Бұл үйдің иесі картамен Досовқа бал ашып, бәрі жақсы болатынын айтты. Досов әйелдің моншағын алып, құмалақ ашты. “Сіз келініңізді тығып қойыпсыз. Ұлыңыз бар екен. Одан ертең хабар келеді” деді Досовқа. Әйел жасырып қойған келіні Земаны алып шықты. Ертеңіне ұлынан хабар келді. Әйел Досовқа алғысын айтты. Тығыз пакетпен көрші дивизияға ескі досы Владимир Бараевты кездестірді. Қоштасар кезде Досовтың төс қалтасына Владимир бірдеңе салды. Шептен ұзаған соң Досов қалтасындағы затты алып қараса, ол – Ираклий Чхеидзенің алтын сақинасы екен. Көз алдына бұл сақинаның тарихы келе қалды. Жаңа жыл күні болатын. Калинин мінбеге шығып қаланы жаудан босатқандарды құттықтады. Ираклий Чхеидзе, Владимир Бараев, Досов үшеуі үстіңгі қабаты бұзылған үйдің астында түнеп шықты. Ең үлкені – Владимир Бараев чуваш ақыны. Ираклий жиырма бес жасар журналист. Үшеуі жорыққа аттанды. Жорықта Чхеидзе қайтыс болады. Қолындағы алтын сақинасын, партбилеті мен қаруын алып, Ираклийді жерге көмеді. Досов алтын сақинаны анасына тапсырмақ болған еді. Әркімге участок бөлінді. Досов өзінің жерлесі Аллаберген Белбозовпен танысты. Шабуыл кезінде ерлік танытқан кіші лейтенант Есмұқан Таймасов қайтыс болды. Досов аяулы досы, ержүрек Есмұқан жайлы ойлады. Досов штабқа қайта келгенде баяғы Нәлқараны кездестіреді. Нәлқара бұрынғы әңгімесін жалғастырды. Шалабек армияға алынбапты. Колхозға мүше болғысы келмеген кейбіреулер тауға кеп тығылып, “Нәлқараның жігіттеріміз” депті. Бірақ оларды Нәлқара танымайды. Артынан ұсталған кезде “Біз Нәлқараны өз қолымызбен өлтіріп, сүйегін өртеп жібердік” деген соң ешкім Нәлқараны іздемеген. Нәлқара Досовтан әйелі Наршагүлге хат жазып беруін сұрады. Нәлқара әкелік махаббаттан, әкелік жүректен шыққан сөздерін хатқа жазғызып, штабтағы почтаға берді. Шабуыл жиілей түсті. Досов қаңылтыр мен қапталған қойын дәптерін алып, бетіне ұзақ қарады. Есіне ағасы түсті. Бауыржан Момышұлын алты рет көргендегісін есіне түсірді. Андрей Акимович Ветковқа келгенде Бугеевті кездестірді. Осы жолы Бугеев пен Досов тіл табысып, бір-бірін кешірді. Екеуі күлісіп ажырасты. Досов Сорокинге асықты. Ол да мазасызданып күтуде еді. Генерал Черниговтың ауыр жаралы болғаны хабарланды. Ешбір жауынгер шошынған жоқ. Тек қана машинистка Шура жай ғана күрсінді. Алексей былай шыққан соң “жаралы болмақ түгіл өліп қалсын” деді. “Қайткенде де адам ғой, жек көрген адамыма өлім тілейтін қара ниеттігім жоқ” деді Досов. 23-полктен 30 адам Совет Одағының Батыры атағын алды. Бұл ешбір полктің тарихында болмаған. Гвардия полковнигі Сомов дивизия командирі болып белгіленді. Алда тұрған топтан бөлініп шығып, ту алдына жүгініп, ант берді. Бұл Отанға, партияға берген ант. Түс қайта шабуыл қайта басталды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |