11:33 Ұлы Даланың рухани жауһары | |
Х. ЕСЕНЖАНОВ / АҚ ЖАЙЫҚ «Ақ Жайық» романдарында біздің көп әдебиетшілеріміз көрмей, ал көргендері онша мән бермей, сыншылдық пікірден қағыс қалған бір қызық характер бар. Қажымұхан! Қажымұхан құлағы естіп, көзімен бәрін зердесіне түйіп алуға бар. Өйткені, артында ертең елге оралғанда аузына қарайтын дүйім жұрты бар. Сапарының жауаптылығын сезеді Қажекең. Осыншама халықты біріктірген беделді мәслихаттың төрағалары кімдер, көзін тігіп айтып шықшы деп қасындағы Хакім мен Оразды қолқалап қоймайды. Аңқау адамның көңіл-күйін бергенде жазушының иі де жұмсақ. Жылы бір әзілқой әуенмен оның бар ықыласын жадыратып жеткізген. Өмірбақи Қажымұханның көріп келе жатқаны – кімнің қолында билік болса сол білгенін істейді. Тұрмыс тәжірибеге немқұрайлы қарауға бола ма? Арқа сүйер өз хұқіметі тұрғанда Қажымұхан да өзіне тиесілі «құдайға» да, адамға да аян әділет құқығынбіржола басын ашып, қаттап қайтарып алғысы келеді. Жауы біреулерге қиянат жасау үшін заңға жүгірсе, Қажымұхан ел игілігін қиянаттан қорғау үшін заңға жүгінеді. Бұл жерде сауаты жоғары болғанмен басы жас Ораздың өзіне ақыл үйретіп жібереді Қажымұхан. Шаруаның практикалық жағын ойлайды. Көрген қорлықтың, бастан кешкен азаптың сұсты ызғары көлденең тартып отыр. «Қарағым, сен қызықсың, қызық болмасаң осыны ойламайсың ба? Егерде менің қолымда сол Макаровтың дәкіментіндей қағазым болса, Шалқардың үстінен көлденең құсты да ұшырмайтын, ау салу былай тұрсын», - дейді қайратқа мініп. Шынында да оған жетпей тұрған бір қуат осы. Қиыншылықты көп көрген қайыс қара сақтық жасап тұр. Қожайындар қапысын тауып қайтып келіп, жарлы-жақыбайды тағы да қысып телмірте ме деп қауіптенеді. Ел қамын ойлап Қажымұхан ата жауымен ғана емес, дос адамымен де айтысуға бар. Бірден өз ыңғайына көше қоймаған Оразға өкпелеп, тіксініп қалды. Қадалған жерінен қан алатын, айтқанын істетпей тынбайтын, қолынан ұстап, тамырын баспаса, несиесөзге сенбейтін қазекеңнің қайсар мінезіне бой ұсынып, дегеніне көнбеске болмады. Мөр де басылды, қол да қойылды. «Жер де, су да өзіміздікі» Шалқарыңды қайырып алғаныңды құттықтаймын. Енді ешкімге берме», - деді Парамонов Қажымұханның қолын қысып. Қарапйым диалогта қандай сыр жатыр. Өз жеріне, өз суына шаруа адамы осылай ие болса. Достық жүрек, жылы ықыласты түсіну үшін тілмаштың қажеті жоқ екен. «Қонаққа кел! Жайын құйрығын жегіземін» деді Қажымұханға ниетін ұсынып. Қажымұхан Тереңсай түбегіне бет алғанда, жол басшысы жалғыз Бәйес қана емес, оның жанында өрімдей жас жігіт сыр алысып бірге клеген. Қара шаруадан білім, парасаты озық жатқанымен, қоғамдық ұлы өзгерістің сыр-сипатын түсінуі тұрғысынан көп ұзап кете қоймаған, аршылмаған қазынадай, әлі де тұп-тұнық жүзіктей көзі – Жүніс қажының баласы Хакім еді бұл. «Өзен бұлты» жайлы ойлану оған қандай таңсық болса, төте жүретін жолдың өзін орап өтіп, із тастап, кездестірмек құпия қазағы жайында да алдын ала сыр алдырмайтын Петро сондай таңсық. Қиын-қыстау кездің астыртын жүріс-тұрысы, сақтық әрекет-қимылы – басынан кешіп көрмеген адамға осылай тосын көрінуі заңды. Бұл – Хакімнің қайта азды-кем етек жайып келе жатқан шағып еді. Оқушы ел ішіндегі революциялық оқиғаларға алғаш еш араласы жоқ, жастық қызуы, ғашықтық самалынан тыныс алып жүрегн бейқам бозбаламен «Ақ Жайық» трилогиясының бірінші кітабында танысқан. Хакім сырының шоқтығы – алдындағы оқуы мен сұлу Мүкәрәмға тірелетін. Туған дала төсінде жанымен жарылар бар жылуы осы ғана. Сапырылыс кезеңінде көп дүрмекпен қосақталып, абақты табалдырығын кездейсоқ бір аттап қалғаны бар. Жазықсыз жанның ол жерде онша керегі болмап еді. Бірақ түрмеден құтылғанда құдайдың құрығынан құтылғандай қуанғанымен, заман ағымы әлеумет мәселесінен алшақ жігіті бірте-бірте бауырына тарта берді. Хакімнің «қулығы» ахметшенің алдында түкке татымды. Ахметше көп ойланбай-ақ оқыған, ел адамы Әлібеков Хамидолланың бір әзілін тілінің ұшына суыртпақтап тартып жатыр: «Менің бұл дүниеде құдайға күпіршілік келтіретін бұл күнәм бар, ол: адамның не ойлап тұрғанын ішіндегісін білетіндігім. Іштегіні білу – құдайдың ғана жұмысы. Міне, сол құдекеңнің үлесіне қол сұғамын деп ауыр күнәға батып жүргенім. Сондықтан ертеңді-кеш тілейтінім: я құдай, сенің білгеніңді білемін деп күнәгер болдым. Осынымды кешіре гөр деп сыйынамын» дейді. Сол Хамидолланың күнәсі қазір жұрттың көбіне бар. Хакімжан, мұндай күнә әзір сенде жоқ па?.. «Өзің Жүніс қажының баласы бола тұрып, әй қайдам, сенің бұлай жұрттан ақыл сұрап тәубаға келетіндей не жөнің бар, әр жағында кімде-кімдермен». «Ақ Жайық» романында сәтті көркем бейнелердің ірісі де осы Хакім образы. Хамза Есенжанов оның сыртқы келбетін, ішкі жан дүниесінің ағым сырларына дейін суреттеп отырады. Сондықтан да бұл қаламгердің ірі табысы ретінде сыншылар мен зерттеуші ғалымдар тарапынан үнемі аталып келеді. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |