16:15
Ұлы Даланың рухани жауһары

Х. ЕСЕНЖАНОВ / АҚ ЖАЙЫҚ

Орал өңірі, жаңа өмірдің іргесін қалаған адамдардың ауыр да азапты тағдыры, олардың осы революцияға келу жолы жан-жақты бейнеленген Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы сонау Азамат соғысының Батыс Қазақстандағы сұсты, сұрапыл жылдарының шындығын жеткізеді.

Жазушыға 1967 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығын алып берген бұл шығарма жаңа заманға бетбұрыс жасаған қиын-қыстау кезеңнің қатерлі бір оқиғасынан басталатын. Ызғырық табы тарамаған көктемнің көңілсіз бір түні, 1918 жылдың 29 наурызы, ақ қазақтар мен арандатушылардың Оралдағы контрреволюциялық бүлігі жаңа орнаған Кеңес үкіметін құлатып, революция жастарын, большевиктерді қанға бояйтын қаралы оқиғадан бастап, біз кітап бетінен еркіндік жорығындағы ерлердің елімен, жерімен, халық тағдырымен сабақтас біртұтас күресін көреміз.

Белгілі революционерлер Әбдірахман Әйтиев, Дмитриев, Меңдігерей Ипмағамбетов т.б. күрес туы қара қауымның көзін ашқан астыртын әрекеттер халықтық характерлер құдіретімен үзеңгілес бейнеленіп трилогияда күні өтіп бара жатқан өмір мен жаңа дүниенің айшықты суреті берілген.

Войско қаруына, ақ казактар мен атамандардың қолдауына сүйенген «ұлтшылдық» Жымпиты үкіметінің ел ішіндегі зорлық-зомбылығы, бүкіл халықты ірі бір сілкіністерге дайындаған тарихи жағдай, дәуір шындығы шығармада мейілінше табиғи.

Трилогияның екінші кітабы сол 1918 жылдың желтоқсанында жергілікті халықпен тізе біріктіре қимылдап, Қызыл Армияның Орал өңірінің азат ету жорығына келіп тіреледі.

Жазушы осы алғашқы кітаптарында («Төңкеріс үстінде», «Шыңдалу») негізінен ауыл тіршілігін, ел ішіндегі астыртын әрекеттерді, дала қазақтарының ащылы-тұщылы тұрмысын бейнелейтін. Ал, «Тар кезең» романында Войско үкіметінің мықты тірегі, ұлтшылдық ұранның ұясы, қырық құранды хан жасақшыларының басындағы шындықты көрсетіп отыр. Бір ортадан екінші ортаға көшкені болмаса, бұлар – бір-бірінен кереғар, алшақ дүние, алшақ тірлік емес, өзара сабақтас өрбіп жатқан, ізгілік пен зұлымдық атмосфера қоян-қолтық көрінетін біртұтас өмір.

«Ақ Жайық» трилогиясында әлеуметтік таптар тартысы әр қилы мінез, көзқарас тартысы бірте-бірте қомданып, шығармаға бойлап енген сайын қоюлана береді. Жазушының бейнелеу жүйесінен өз мәнерін, қолтаңбасын айдай анық танытар талай-талай шеберлік үлгілерін аңғарамыз.

Тартыс таразысында – бір-бірімен кереғар екі өмір: Кеңес үкіметінің жолында қасық қанын қиюға дайын революционерлер (Әйтиев, Ипмағамбетов), жаңа өмірге бетбұрыс жасаған халық, қалың бұқара (Мәмбет, Қажымұқан), әділет жақтастары (Жүніс қажы) және олардың жолына тосқауыл, ескілік сойылын соғушы ақ казактар, генерал Михеев, революцияның қас жауларыынң бірі, қайырымсыз, қатігез Шұғыл бай

 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі    

Просмотров: 316 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: