11:42
Ұлы Даланың рухани жауһары

Т.ӘЛІМҚҰЛОВ / АҚБОЗ АТ

Асыл тұлпардың тұяғына туған қызының тағдырын қиып жіберген Біркімбайдың әрекетінде не сыр жатыр? Тұлпар дегенде ішкен асын жерге қоятын, жалғыз жүрегін суырып беруге дайын тұратын қазақ мінезі ме?

Жас баласын «құлыным» деп ардақтайытн, аялайтын қазақ санасы малын да перзентіне балаған ғой. Біркімбайдың да бір мінезін осы тұрғыдан бағамдасақ, бұл іс-әрекет өмірлік шындыққа сияды. Ақбоз аттың тағдыры осы тұста келеді де, енді Біркімбай ағдырымен астасады. Қазақ үшін төрт түліктің ең асылы, ең қимасы саналатын жылқы малының ең өміріндегі мәні мен маңызын қаламгер тереңдей тартып келеді де өзінің көңілінде түйгенін, тіршіліктің сырынан көрген, ұққан жайларды арна-арнамен баяндап ебереді.

Ел өміріндегі сан-сала көріністер, ұжымшар, кеңшар тірлігі, малшылар тұрмысы, барлығы енді Біркімбай, Гүлнәш төңірегінде өрбиді. Бір тұлпардың тізгінінде тағдыры байланып, өмір соқпағына үскен балауса Гүлнәш кейіннен, өмір өткелдерін артқа тастап, енді буыны бекіген, оңы мен солын таныған, ысылған, өзі де бір қауым елге бас-көз болуға жарап қалған қалпын танытады. Глүнәштің өмір жолы қыр-сырымен көз алдыңнан өтіп жатады. Қыз Гүлнәштің ана, жар Гүлнәшқа айналуы табиғи түрде, арналы, ағысты көрінеді.

Қаламгер романның келесі тарауларында тұлпар тағдырынан бірте-бірте алыстап, енді әке мен бала, ел мен жер тағдырына қарай ойысады. Өмір, тіршілік сыры туралы терең толғамдар, оралымды ойлар осы желіде үнемі алдымыздан шығып отырады. Біркімбай мен Гүлнәштың өмір-тағдыры төңірегіндегі тума-туыс, көрші-қолаң, ел адамдары, бір сөзбен айтқанда, тіршілік қазанында тоқйласып өмір кешіп жатқан тұтас бір қаза қауымының бейнесі бой көтереді, бар болмыс-бітімімен көз алдымызға келеді.

Тәкен Әлімқұлов нақты бір тарихи кезеңнің шындығын ел ішіндегі ең бір көзге түсе бермейтін, менмұндалап айқайлап тұрмайтын терең иірімдерді бейнелеуге ат басын тіреген. Қазақ халқының ғасырлар бойғы бірден-бір тіршілік тірегі болып келген мал шаруашылығы, оның ішінде жылқы малының ел тағдырында, адам тағдырында алатын орнын өзіндік қотаңбамен өрнектеп бере алған.

Роман тұтаса келе күллі қазақ ауылының тарих көшінің бір тұсындағы, бір белесіндегі жиынтық бейнесін алдымызға тартады. Адамдар тағдыры, тұлпарлар тағдыры арқылы көрінетін бұл жиынтық бейне түптеп келгенде тарихи-әлеуметтік, қоғамдық шындықтың бетін ашады. Адам мен қоғам, қоғам мен ел, жер арасындағы мәңгілік байланыс, тынымсыз қарым-қатынас қаламгер мақсатына, яғни көркемдік мақсатқа мінсіз бағындырылған. Жазушы осы мақсат жолында өзіндік көркемдік әдістеріне қол тартқан, арқа сүйеген.

Далпы жазушы шығармашылығын тереңдей, зерделеп қарасақ, Тәкен осы аталған романында болсын, немесе басқа туындыларында да бір сөзді, бір сөйлемді де жорамалға сүйеніп азбаған. Дәлелсіз, дәйексіз дүниенің орға жығатынын білген. Осы сияқты қызықты, қазыналы деректерді қаламгер «Қош бол, Абсент!» шығармасында да тартымды желілерге байлайды.

«Төрт түліктің ең ақылдысы жылқы болса, жылқының ең ақылдысы – бишісі», - деп келеді де, жазушы адамнан музыканы артық түйсінетін жылқылар бар екенін айтады. Тәттімбеттің ақбоз аты домбыраның сазына орай билеген, Балуан Шолақтың аты қантарусыз тұрса, Ақан серінің қосалқы аты (Мақпалқара) соңынан қалмай еріп жүрген. Осы тариъи деректердің барлығын қаламгер халықтың өзінен алған, жинаған, ұзақ жылдар саралаған. Көп деректер жиналғанда бір түйінге тоқтатқан.

Тың, жарау, асау кезінде Абсент те мақпалдай қара болған. Азған, арыған, ашынған тұсында, бір кезде желмен жарысқан Абсент бұл күнде қаракер тартқан. Бұл туындыда да жазушы Абсенттің құлынында қызыл болғанын, одан қызыл-күрең, одан алқара көк тартып, мақпал қараға айналғанын суреттейді. Бұл тұяқ туғаннан бәйгеге жарамай бишілікке жаралғанын тарам-тарам, терең оқиғалар, баяндаулар, суреттеулер арқылы сезімді тербеп, мұңмен аяқтайды. Осылайша, жазушы жйріктің мүсініне, тегіне, түсіне, мінезіне осы салада арнайы маманданған кәсіпкерден артық баға береді.

Жылқының, жүйріктің қаасиеттері туралы осы сарындас ойлар жазушының «Ақбоз ат» романынан бастап, тұлпарлар тағдыры туралы кейінгі шығармаларының бәрінде көрініс табады. Эсселерінде, публицистикалық толғаныстарында баяндалған жылқыға, жүйріктің қасиеттеріне, тегіне, түр-түсіне, мінезіне қатысты білгендерін, көргендері мен көңілге түйгендерін жазушы көркем шығармаларында молынан шығармашылық үлкен шеберлікпен пайдаланады. Бұл айтылған жайларға қоса автордың бәйгенің қашықтығы, жердің табиғаты, ат суытудың жолдары мен тәсілдері, жүйрік аттың сыны мен бабы, оған қатысты халықтың рымы мен әдеті жайындағы байыптауларын да есте ұстаған абзал.

Автордың шығармаларында бұл секілді құбылыстар, халықтың дәстүрлі мәдеиеті мен кәсібіне байланысты қалыптасқан нанымдары мен салттары, әдеп-ғұрыптары да көркем шығарма жүйесінде айтарлықтай эстетикалық, танымдық қызмет атқарады. Солардың ішінде автордың ерекше көңіл бөліп, айрықша ден қоятыны – шығармасының ұлттық сапасы, ұлттық бояуының мейілінше қанық және шынайы болып шығуын мақсат еткенін аңғарамыз.

 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 604 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: