18:05 Ұлы Даланың дара тұлғалары | |
ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ Дәулеткерей ХІХ ғасырдың орта кезіндегі атақты күйші, барлығы елуге тарта күй шығарған. Кейінгі кезде оның сәулетті күйлерін шалқыта таратқан өзінің туған немересі атақты домбырашы Науша Бөкейханов. Дәулеткерейдің күйлерінен сақталып келгендері – «Қос алқа», «Қыз Ақжелең» - атақты күйші ақбал қызға арнап шығарған күй, «Қоңыр», әсерлі күй «Керілме», «Шалқыма», «Желдірме», «Жұмбақ бике». «Жұмбақ бике» күйін Масқар елінің сұлу қызына арнап шығарған. «Бұлбұл» - әдемі құс дауысын күйге қосқан. ...Дәулеткерейдің пәлсапалық күйлерін біздің заманға жеткізген – оның баласы Салауаткерей 1918 жылы қайтыс болған, атақты күйші Мақар Жапаров 1922 жылы қайтыс болған, тамаша күйші Науша бөкейханов болған. XVIII ғасырдың соңында, ХІХ ғасырдың басында аты шыққан күйшінің бірі Мүсірәлі – Құрманғазының аяулы ұстазы. Мүсірәлі Сырым Датовтың ел басқарған кезін ардақтап, оған арнап «Сырым сазы» деген күй шығарады. Жайық бойындағы асқан сері, атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1886). Оның асқан серілігін, атақты күйші екенін жазған журналист И.Савичев ел-елді аралап жүріп, Құрманғазыны И.Ф.Бородиннің үйінен кездестіреді. И.Савичеы Құрманғазының қияпатын келістіре жазып, оны суретке түсіріп алады. Жас кезінде саясат жөнінен көп қиыншылыққа ұшырап, елінен қуылған Құрманғазы Жайық бойын артта қалдырып, созылып жатқан кең сахара Сарыарқаға келеді. арқасына киіз қапқа домбырасын салып, жүре-жүре таңғаларлық көркем жерлерге кездеседі. Алдынан алыстан көгеріп тұрған биіктаулар, үзіксіз ағып жатқан мөлдір сулар, жайқалып желмен тербелген түрлі шөптер, биікке шаншылған қия тастар, бұлардың барлығы Құрманғазының шабытын көтеріп, әдемі елестер туғызады. Көгерген майса шөпке сондай қызығып, бір судың басында тоқтап, атының ауыздығын алып: «Жануарым, бір кенелші», - деп қоя береді. Өзі домбырасын алып бір жылтыр тастың үстіне отырып, Сарыарқаның сәулетіне қарап бір таңданады. Оның көгерген көп таулары, жайлап соққан қоңыр желі, көсіліп жатқан айдын даласы оған бір қуаныш бергендей домбыраны бірнеше рет шертіп-шертіп, сол арада отырып «Сарыарқа» күйін шығарады. Оның сарыны бір ғана елдің қызықты өмірі, шалқыған еркін дала, қуанышқа бөлейтін байтақ дүние. Саясат пен өмір күресіне арналған күйлердің ең жарқыны «Кішкентай» Исатай мен Махамбеттің көтерілісін ардақтауға арналған, «Қайран шешем» абақтыда отырып анасына арнаған күйі, «Түрмеден шыққан» күйі. Құрманғазы Орынбордан Итжеккенге (Иркутск қаласы) айдағанда, ол сол жерде тұруға шыдай алмай, бір жылдан кейін қашып, жаңадан Сарыарқаға келеді. бұл жерге келісімен ат-тонды болып, көп қаражат жинап алады. Ең соңында өзінің туған жері Байұлы елінің ортасына барып, енді бір ғана күй шығару, күй тарту ісіне ауысады. Бұл кезде шығарған күйлерінің аса күштілері «Адай», «Ақсұңқар», «Манатау» (Үстірт), «Серпер». ...Жайық бойында атақты серілерден ХІХ ғасырда екі Мұхит болды, біреуі – халық аузында аңызға айналған дарынды күйші, атақты композитор мұхит Мералиев (1806 жылы туған). Халық аузында аңызға айналған дарынды күйші. Оның ұрпақтары екі жүз жылдай тегісімен күйші болды. Мұхиттың шығарған күйлерін біздің заманамызға дейін тартып келген атақты күйшілер лұқпан мұхитов, атақты Мұхиттың немересі Ғұбайдолла мұхитов. Екіншісі Мұхит Қаратаев (1843-1916) белгілі сері, әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші. Ол қазақ музыкасын аса сұлу тартатын ұлы шебердің бірі, аты аңызға айналған, тарихи заманның асқан күйшісі. Бұл – Мұхиттың әнін, күйлерін таратушы ел арасында орасан көп. Сондықтан А.В.Затаевичтің бақылауынша, ол өзінің көп шығармаларымен бүтіндей бір мектеп ашқан кісі дейді. Атаевичтің бұл сөзі көбінесе бірінші мұхитқа лайықты. Мұхит сері жас күнінде әйелдердің еркелеткен аяулы адамы, сұлулықтың жарқын бейнесі. Қартайғанда ол шалқыған ашық жүзді, қуанышты сүйетін сұлу қарт. Оның шығарған әні, күйлері орасан көп. Халық аузында кейінгі дәуірге дейін айтылып келгендері: Мұхит әні «Қыпшақ», «Сал-Ораз» - Ораз салдың үндері, «Ақ иіс» - домбырашы қыз, соған арнап Мұхиттың шығарған күйі. Оны Мұхит үш домбырамен қосылып тартатын болған өзі, екі інісі – Жекен мен Ашу. Олар үшеуі бірікпей үш жерде тартқан, бірақ бір кісі тартқандай домбыралардың дауысы бүтіндей қосылып, мөп-мөлдір болып шығып отырған. Халық бұл күйді ерекше ұнатқан. «Медет хан» оның сұлу қызына арналған бүкіл Қазақстанға тараған сұлу ән «Зәуреш». «айнам көз», «Киелім» осылардың бәрін ұмыттырмай сақтап келген күйшілер – Мұхиттың ұрпақтары Ануар Медетов, Шайқы Қаратаев, Досқайыр Бабасов, Ғабдұл Бөкейханов, Ғұбайдолла Мұхитов, Науша Бөкейханов, тағы басқалар. (жалғасы бар) баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
