23:13
Ұлы Даланың дара тұлғалары

ҚАЗАҚТЫҢ САЛ-СЕРІЛІК ДӘСТҮРІ

Абылай заманында жасаған ескі серінің бірі – Тайлақбай, ол сыбызғымен тартқан. Оның асқақтататын сұлу күйі «Қыз жылытқандай» әскерден есен-сау қайтқанын қуаныш етіп, осы сәулетті күйді қалдырған. Сыбызғымен көп тартушы – әсіресе Кіші жүз серілері. Олардың қосымша елші топтап, кісі жиып, сыбызғы тартып отырғанын орыс өнерпаздары әр уақытта қағазға түсіріпо тырған. Сондай сыбызғыдан тартқан ұзақ күйдің бірі – Сырым батыр тартқан әдемі күйлер. Бөкей ордасында ерте кезде күйді төндіре тартқан күйшілер атақты дәулеткерей, оның баласы – Салауат, олардың туысқаны, халыққа аңыз болған Мұхит сал, Ұзақ, оның мұрагері – Құрманғазы, алыкей, Мар сері Жапаров, атақты Сейтен сері.

Арқаның асқан серілермен адамды ойға түсіретін саңлақ жүйріктерінен, жүректі қуанышқа бөлейтін ойшыларынан ауызға алдымен түсетіндері – Тәттімбет, Дайрабай, Өтеболат күйші. Шоқанның айтуынша, мұның тартқан күйлері «Қызыл қайың», «Тарғыл бұқа», «Алабайрақ», «Суға кетті Ер Қотан», «Балбырауын», «Шығыт жібі бес бармақ». Шоқан бұл күйлерді тартқан Қанқожа Уәлихановты, Досжанды, тағы басқа күйшілерді бірге қосады.

«Шығыт жібі бес бармақ» - саусақтың әдемі саласымен көп ішекті домбыраға мөлдірете тартатын әдемі күйі, оны Тәттімбет, Дайрабай, Өтеболат, мұхит сияқты асқан күйшілер тартатын бір сәулетті күй, сыбызғыдан тартатын ескі күйдің бірі «серпер» де қуанышқа арналған. Оны бергі кезге жеткізгендер – Тәттімбет, Дайрабай, Құрманғазы, Мұхит.

Ең ғажайып аңыз «Қапыда өткен қарбалас» атты ескі күй, жазып алған – Шоқан Уәлиханов. Ту баста бұл «Ақсақ құлан – Жошы хан» аңызының бір түрі, кейін оған «Еңлік-Кебек» ағдыры келіп қосылып, Арқаның күйшілері оны бір ұлы бейнеге айналдырады.

Бір айтатын ой, сал мен сері бір типті емес, екеуі екі алуан, өзгеше нәрсе. Олардың бір-бірінен өзгешелігі – олардың тұрмыс көрінісінде. Ең алдымен сал, сері деген сөздер қалай туған, осыдан бастайық.

...«Сал» сөзі киімді салпаңдатып кең тігуден шыққан, сал, салпаң. Әрбір салдың шалбарының балағы сондай кең, оған бір кісі толығымен сыйып кетеді. Ақселеудің «сал» сөзі «Сал ауруынан алынды» деуі келіңкіремейді. Халықтың әдеті бойынша, өнер иесіне ондай ат қоймайды. Қайта сол «салдық аурудың өзі осы «сал» сөзінен шыққан болуы керек «Атым сал бөксе болып жүр» десе, салды басқан кең киім сияқты атты да ауырлатып жүр дегенді білдіреді. Демек, бұл сөздің өзі салдың киімінен шыққан. Құлағы үлкен кісімен құлағы үлкен малды да «салпанқұлақ» дейді, ол да үлкендікті, кеңдікті көрсетеді.

...«Сері» сөзі серпілуден шыққа, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, шалқыту, асқақтау. Сері көбінесе оқымысты кісілер арасында көп болған. Жақсы көрген қызға салдар сияқты іздеп бармайды хат пен жұмбақ жазысады.

Біз оны Жошы ханның қазақ хандарының серілік құрған тұрмысын айтқан түрде көрсеттік. А.В.Затаевич жазған: «Сери были детьми белой кости, богатыми, но их эксцентризм не принимал крайних форм».

Серілер, біріншіден, атақты мерген, екіншіден, саятшы, сұңқармен, лашынмен, тұйғынмен қызық көруші, тұлпар атты ең жүйрігін қадірлеп баптаушы. Ақын болып әдебиетке үлкен үлес қосуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Алпамыс, Қыз Жібек, Мұңлық – Зарлық сияқты ескі жырларды бірден-бірге айтып жеткізіп отырды. Бір ғажайып жері, серілердің көпшілігі Орта Азияны, шығыс елінің әдебиетінен де үлкен хабары болған (Нияз, Сегіз сері, ақан сері, Мұхит, Сейтек, тағы басқалар). Олар қазақ халқының алдына «Мың бір түннің», «Мәлике кітабының», «Тотынаменің», «Зейне зайыптың» нұсқауларын әдемі жазып отырған. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: