ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП, ЖӨН-ЖОСЫҚТАРЫ
- Сұрағандарға қарыз беру – үлкен адамгершілік. Егер сұраған адам «пайғамбар қарызы» деп сұраса оған сөз айтпай беру керек. Пайғамбарды атағаны оның қатты қысылып тұрғандығының әрі сөзсіз қайтаратындығының белгісі әрі кепілі.
- «Жылу» жинағанда ел-жұрт көмек береді (мал, ақша, т.б.).
- Иесі сатқан малының сілекейін орамалмен сүтіп алады. «Мал сілекейі» деген бұл ырым мал басы кемімесін, киесі кетіп қалмасын деген қағидадан шыққан.
- Үйге келген кісіні жылы шыраймен қарсы алады.
- Ұзатылып бара жатқан қыз артына қарамайды.
- Біреудің жақыны (әкесі, шешесі, бауыры, баласы, т.б.) қайтыс болса, сыйласқан адамдар сол кісіні үйге шақырады. Бұл ұлттың ежелден келе жатқан дәстүрі.
- Жігіт – қызға, жас палуан – қарт палуанға, жас ақын – аға ақынға жолын береді. Бұл – мәрттіктің, қазақтық қалыптың шын белгісі.
- Көршімен тату тұру жақсы қасиет.
- Туыс-туған, ілік, жекжаттармен араласып-құраласып тұру – ұлттық паыз.
- Жақын-жуық, дос-жарандарды үйіне шақыру, олар шақырғанда кешікпей бару – ежелден қалыптасқан дәстүр.
- Қарттарға сәлем беру, науқастың көңілін сұрау – азаматтық үлкен міндет.
- Күйеуі қайтыс болған әйел жыл толмай тұрмысқа шықпайды.
- Нағашы-жиен, жезде-балдыз жарасты әзілдесіп, қалжыңдасып отыруы – ежелгі әдет.
- Екіқабат әйелден айырылыспайды, сол сияқты ондай әйелмен некеге отырмайдыы. Әйел босанғаннан кейін рұқсат етіледі.
- Үлкен кісілер жақсы көрген жасты арқасынан ғұрып бар.
- Баласына қалыңдық іздеген аа-ана әулетінде ұрпаққа зиянды, тұқым қуалайтын ауруы жоқ отбасына ғана құда түседі.
- Жұқпалы ауру, қояншық, алапес дерттерінен өлген адамдарды оқшау жерлеген.
- Қайтыс болған ұлының әйеліне атасының үйленуіне жол жоқ.
- Оң жақта отырып екіқабат болып қалған қыз қалыңдықсыз беріледі.
- Әйелдер қолын жумай мал желінін ұстамайды.
- Кірдің суы аяқ басатын жерге, көз көретін жерге төкпейді.
- Күлді баспайды.
- Жыртқыш, арам құстардың етін жеуге болмайды.
- Жол, жөн сұрағандарға бағыт сілтейді, жолға салады.
- Шаршап-шалдыққандарға сусын, тамақ беріп, қамқорлық жасайды, тыныс алдырады.
- Қиын сәттерде жолдасын жолға тастамайды.
- Дастарқан үстінде әбес, былапыт сөз сөйлемейді. Мұндайларға «дастарқан үстінде отырмыз» деп ескерту жасайды.
- Біреудің үйінде ірілік, дөрекілік жасамайды. Ондай жағдайда «шаңыраққа қара» деген зіл айтады.
- Үкі тағылған, яғни айттырылған қызға құда жібермейді, сөз салмайды.
- Арақ ішу – жамандықтың тура жолы.
- Ұзатылған қыз жыл толмай өз үйіне келуіне рұқсат жоқ. Ол әбестік, ұят іс болып саналады.
- Қазақ әйелі орындықта аяғын айқастырып отырмайды.
- Ұры, барымташы қылмыс үстінде қаза тапса, оған құн төленбейді.
- Асарда, үмеде, қолғабыста ешкім еңбегіне ақы сұрамайды.
- Қарызға алған ұрғашы мал жыл өткен соң төлімен қайтарылады.
- Әкесіз бала туған әйелге құрмет көрсетілмейді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
|