14:32 Ұлы Дала елінің қазынасы | |
ҚАЗАҚТЫҢ ЕҢБЕК ДӘСТҮРЛЕРІ Асар (салт). «Ауылға асар жасайтынын хабарлайды». Бір жанұяның қолынан келмейтін күрделі жұмыстарды ақару үшін бір ауылдың адамдары «асарға» шақырылады. Мысалы, үй көтергенде, егін салғанда, жиағанда, шөп шабуға, тағы сол сияқты көлемді, ауыр жұмыстарға шақырылады. Асарға шақырылғандар еңбегі үшін төлем ақы талап етпейді. Оның есесіне асарға шақырушы адам оларға арнаулы мал сойып, қымыз құйып, жақсы ас әзірлеп, тойғызады. Асар – қазақ еліің ұжымдық топта жұмыс істеуінің үлкен бір көрінісі деп қарауға болады. Мұндай жақсы сал-дәсүрлер ел ішінде әлі де бар. Биебау (биебайлар, салт). «Бие байлаған ауылдар бірін-бірі бие байларға шақырысып той жасасып, мәре-сәре болысып қалатын» (Н.Қазыбеков). Қазақтың еңбек дәстүрінің салтанатты салының бірі осы «биебау». Қазір көпшілік мұны «бие байлар» деп атап жүр. Жалпы, тілге, сөзге бай қазақ халқы дәстүр, салын дәл өз атымен атай бермей, көбінесе басқа сөзбен әдетке айналдырған. Мысалы, «Сірге мөлдіретер», «Селт еткізер», «Тоқым қағар», «Бастаңғы» деген сияқты. Қыстан қысылып шыққан ел қар кетісімен-ақ сәуір айында кең жайлауға шығып, малын төлдетіп, қуанышқа кенеледі. Әсіресе, биелері аман құлындап, ол қарақұлақтанғаннан кейін жұрт асыға күтетін ырыс пен береке дәсүрінің қызықты түрі «биебау», яғни бие байлап, қымыз сауу басталады. Бұл дәстүрге әр үй отбасы ерте дайындалып, оған қажетті саба, күбісін, ыдысын, ноқта, желісін әзірлеп қояды. Бие байлап, оны салтанатпен сауу, ырымын жасау, «қымызмұрындыққа» шақыру қазақ үші үлкен бір той, мәжіліс. «Биебау» дәсүрінде желі басына жұрт жиналып, бие желініне, сауырына, құлын кекіліе, қазық басына, желіге май жағып «құтты бол», «өсімтал бол» деген ілек, бата жасайды. Сонан кейін бие сауу басталады. Жылқыны жоғаы бағалайтын қазақ «бие байлаған кезде», «бие сауым», «бие ағытар кезде» деген уақыт мөлшерін де белгілеген. Биебаудан кейін қымызды алғаш ашытқан соң оны әр үй алдымен үлкен кісілерге, көрілерге арнайы әзірлеп, «қымызмұрындыққа» шақырады. Қазақтың биеге, жылқыға, басқа малға деген сал-дәсүрлері де көп. Жылқы күзеу (дәсүр). «Сондықтан жылқы күзеу дәстүрге айналған». Қазақ халқы жылқы малын ерекше бағалап оны өсіруді мұрат, күтіп-баптауды өнер, оның қызығын көруді дәсүр санаған. Сондықтан оған айрықша мән беріп, жылқыға қатысты салт-дәстүрлер қалдырған. Соның бірі – жылқы күзеу. Жылқы күзеу қазақ үшін үлкен еңбек мерекесі. Көктем уып шуақты күндер басталғанда ауыл жылқыларын күзеу басталады. Дәсүр бойынша ірі мал күзелмейді. Күзелгендер тай, құнан, байтал. Байталдың жалы қырқа күзеледі. Құйрығы ұшынан «шыбын қағар» қалдырады. Құнанның жалы күзеледі де құйрығы күзелмейді. Кей желерде қысыр қалған биелері де күзейді. Ол «бой түзеу» күзеу деп аталады. Тайдың еркек-ұрғашысы егіс күзеледі. Олардың жал-құйрығы тегіс күзеледі. Ең ұшына «шыбын қағар» қалдырады. Жоғарыда айтылғандай ірі жылқының жал-құйрығын кеспейді. Ол ырымда жамандық шақырады. Егер ірі жылқының жал-құйрығы кесілген болса, оны «күзеу» демейді, «тұлдау» дейді. Яғни ол иесі қайыс болған, жылына сойылады деген сөз. «Күзем шай». Істің басалар сәтінде де, ол аяқталған соң да халық оны атаусыз, ескерусіз қалдырмайды. Мысалы, күзем алынып болған соң әр үй бір-бірін шайға шақырып көңілді кеш өткізеді. Оның аты – «күзем шай». Малды ауыл осы дәсүрді жалғастыра үссе, бұл да жастарды еңбекке тәрбиелеудің бір көрінісі болар еді. Кеусен (дәстүр). «Кер кеткен кеусен сұрауға да ерінеді» (мақал). Бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп, мол өнім алынғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына, іліктеріне астық береді. Оны «кеусен» деп атаған. Бұл малшылардың «көгентүп» беретіні сияқты ұлттық, мырзалық дәстүрдің бір түрі. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |