12:18 Әлеуметтің әлегі | |
МӘДЕНИЕТ және ТҰРМЫС Бесқарағай – халқының саны мыңға жетпесе де, әжептәуір
ауыл. Мұнда да халық таң азаннан ымырт ақшамға дейін тынымсыз тірлік кешуде.
Дегенмен кейбір әлеуметтік жайсыздықтар жергілікті биліктен нақты істерді
ын-шынсыз күткелі қашан. Жіліктеп шаққанда, мәдени-сергіту һәм
қоғамдық-көпшілік қандай да бір шараларды өткізуге қажетті кең де жайлы
шақталған мекеме сондай қажет. Соңғы алты-жеті жылда мерекелік-мейрамдық
мәдени-сергіту ірілі-ұсақты шаралар һәм ауыл тұрғындарының той-домалақтары,
жабдық-жасаулары мектептің асханасы һәм мәжіліс залында өткізіліп келеді. Оқу
жылы үдерісінде осынау шаралар ыңғайсыздық тудыратыны сөзсіз. Оның үстіне
санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да талаптарға кереғар. Дегенмен басқа
амал бар ма? Тағы бір көңіл аударарлық жайт – тұрмыстық қажеттіліктерді өтейтін
орын. Ашып айтқанда, қарапайым шаштараздық қызмет көрсету, аяқ киім жөндеу,
тұрмыстық техниканы жөндеу т.с.с. Айталық, үлкенді-кішілі ауыл тұрғындары үрпие
өсіп кеткен шаштарын кімге алдыртарын білмей дағдарады, шамасы келгендер арысы
қалаға, берісі аудан орталығына баруға мәжбүр. Ал басқасын өздеріңіз бағамдай
беріңіздер. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ «Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы орынбасары, Бесқаарғай ауылы,
Лебяжі ауданы, Павлодар облысы | |
|
Всего комментариев: 0 | |