21:59
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

Мұзбалақтай мұзарттаған Мұқағали

Қазақтың құдіретті қара өлеңін,

Ғұмырына, тағдырына меде тұтқан.

Тармақ, буын, ұйқасының тауып жөнін,

Мұзбалақтай мұзарттаған пырақты тарлан.

 

Кең құлашты шабытына беріп ерік,

Толғандырған талғамымен аспандаған.

Ақ қағаз һәм көк сияны қылып серік,

Ақындықтың заңғарында асқарлаған.

 

Көкірегі ояу қазақызық қалпыменен,

Замананың тынысынан тыс қалмайды.

Тау тұлғалы қасиет тұнған парқыменен,

Бүркіттейін, қырандайын еш талмады.

 

Шырылдаған шындыққа тіке қарап,

Тайсалмады, жалтырмады, бұқпады.

Тобықтай түйіні тоқсан елген кетті тарап,

Амал нешік, заманы ақыны ұқпады.

Бегімхан Ибрагим

Просмотров: 448 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: