22:23 Халықтың тәрбиелік дәстүрлері | |
Ат тергеу басқа жағдайларда да қолданылады. Айталық, халық қасқырды «ит-құс» деп, қорасан сияқты ауруларды «әулие» деп атайды. Ол осындай пәле-жала бізден аулақ болсын деген ырым, жоралғы. Алтыбақан – ұлттық ойын болғанымен оың салт-дәстүрлік маңызы одан гөрі жоғары тұр. Кешкілік ауылдың қыз-жігіттері аулақтау жерге алтыбақан құрып ойын-сауық жасайды. Бұл жастардың өнерін, ойын, көзқарасын, танымын қалыптастыруда зор тәрбиелік қызмет атқарады. Әншейінде «қызға қырық үйден тыйым» дейтін қазақ, қыздарын алтыбақанға жібермеуге хақы жоқ. Жасау. «Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын, жасауын таудай қылып үйгізді енді!» (Наурызбай-Қаншайым). Ұзатылған қызға берілетін дүние мүлік жасау деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасаудың алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» деген. Небір жақсы бұйым, кілем, текемет, сәукеле, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі тағымдар қыздарға берілетін болған. Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады. Қызойнақ. «Бір күні қызойнаққа барып, таң ата келіп жатсам ұйықтап қалған екенмін әжем оятады» (Б.Майлин). әке-шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар оңаша қалып, ойын-сауық құрады. Оған (жасырын түрде) жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия өтеді және оны ұйымдастырушылар тек қыздар болғандықтан қызойнақ деп аталған. «Қызойнақ» көп ұйымдастырылмайды, ата-ана оған өз қыздарының қатысуына қатаң тыйым салған. Оның мақсаты – қыздарды жеңілтектіктен немесе ұят басып қалуынан сақтандырудан шыққан. Бастаңғы. ...Жастар бастаңғы деп аталатын тамақ істеп бас қосады (Қ.Сегізбаев). үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын-сауық жасап бас қосуы. Дәстүр бойынша бұған тыйым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағын | |
|
Всего комментариев: 0 | |